AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Блогер Мағжан Аймахан: "Қылмыскерді ақтап алатын о...

Блогер Мағжан Аймахан: "Қылмыскерді ақтап алатын ойымыз жоқ"

Заң мен тəртіп 17.01.2026, 17:03 864 yakiya
Блогер Мағжан Аймахан: "Қылмыскерді ақтап алатын ойымыз жоқ"
блогердің инстаграм парақшасынан скриншот

Шымкентте сталкердің қолынан қаза тапқан студент қыздың оқиғасына тағы бір жаңа мәлімет қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тлшісі.

Нұрайды пышақтап өлтірген қылмыскер Шерхан Аймахан белгілі блогер Мағжан Аймаханның туысы екен, яғни блогер туыстары жазаның жеңілдеуіне ықпал етуі мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті.

Осы тараған ақпаратқа қатысты блогер Мағжан Аймахан мен оның келіншегі, блогер Кәмила Әділхан инстаграм парақшасына видео-түсініктеме жариялап, ел алдына шықты.

"Шымкентте болған Нұрайға қатысты оқиға бойынша шығып тұрмыз. Ең бірінші, Нұрайдың ата-анасына, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала жүректеріңізге тыныштық берсін, қазіргі жағдайларыңызды мейірімділікпен жеңілдетсін! 

Бұл - кез келген ата-ана үшін орны толмас қайғы.

Екіншіден, Шерхан Аймахан - менің әкемнің інісінің баласы, біздің туысымыз. Ешкім баласының қатігез, зұлым болғанын қаламайды, еш ата-ана қызының аяқ асты біреудің қолынан өліп кеткенін де күтпейді, бұл оқиға өзімізге де ауыр тиіп тұр. Екі жақтың ата-анасына да өте ауыр жағдай, екі тараптың да қазіргі жағдайын адам баласына тілемейміз, мұндайдан Алла сақтасын!

Көпшілік блогермен туыстығы әділетсіз шешімге себеп бола ма деп жатыр екен, керісінше біз елдің алдында жүрген адам ретінде қанша туысымыз болса да соттың әділ шешімі шыққанын, қылмысының әділ жазасын алғанын қалаймыз.

Блогер ғой, "бүйтеді, сүйтеді" деп байқамай күнә арқалап жүрмеңіздер, біз ең бірінші Алланың жазасынан қорқамыз, сол себепті бұл қылмысты ақтап алатын ойымыз жоқ, бұл өте зұлымдықпен жасалған қылмыс.

Қазір жаман сөз жазбай, Нұрай үшін дұға етейік, топырағы торқа болсын, ал қылмыс жасаған адам әділ жазасын алсын!", деді ерлі-зайыпты блогерлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрай #сталкинг #блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);