ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Блинкен екінші рет Қытай сапарынан бас тартуы мүмк...

Блинкен екінші рет Қытай сапарынан бас тартуы мүмкін

Саясат 16.06.2023, 04:26 1,575
Блинкен екінші рет Қытай сапарынан бас тартуы мүмкін
Биылша Блинкенді Қытайдың дәмі тартпай тұрғандай. АҚШ мемлекеттік хатшысының Бейжің сапарынан тағы да бас тартуы мүмкін. Ол көптен күткен дипломатиялық сапарға дайындалып жатқанда, АҚШ-Қытай...

Биылша Блинкенді Қытайдың дәмі тартпай тұрғандай. АҚШ мемлекеттік хатшысының Бейжің сапарынан тағы да бас тартуы мүмкін. Ол көптен күткен дипломатиялық сапарға дайындалып жатқанда, АҚШ-Қытай арасында қауіпсіздікке қатысты тағы бір шу шықты.


Байденнің бас дипломаты Энтони Блинкен осы демалыс күндері Қытайға ресми сапармен бармақ еді. Сапарының мақсаты екі ел арасындағы тереңдей түскен қайшылықты жеңілдету болатын. Дәл осы кезде Қытайдың Құрама Штаттарда тыңшылық және барлау жұмысын жүргізуге тырысатыны жайында ақпарат тарады. Бұл сапар қарсаңында Блинкенді тағы бір рет ауыр саяси қысымға қалдырды.


Wall Street Journal, Washington Post секілді америкалық аса ықпалды басылымдар таратқан хабар Ақ үйді ақпараттық тасқынмен соғып өтті. Онда Қытай Куба жерінде арнайы станция құрып, Америка Құрама Штаттарына қарсы барлау жүргізуге күш салып жатқаны айтылған.


Уолл-стриттің әйгілі басылымы аты-жөні жасырылған жоғары лауазымды тұлғаға сілтеме жасап,  Қытай мен Куба арасында келісім жасалып жатқанын хабарлады. Хабарға қарағанда, Қытай АҚШ-тан небары 145 шақырым қашықтықтағы Куба жерінде барлау станциясының құрлысын салмақ. Ол АҚШ территориясын жіті бақылау мүмкіндігіне ие болады делінген.


Естеріңізде болаар, ақпан айында Блинкен Қытай сапарына дайындалып жатқанда «Шар оқиғасы» болып, сапар кейінге қалдырылған. Қытайдың биік ұшатын бақылаушы әуе шары АҚШ кеңістігінде пайда болған. Оны америкалық жойғыш ұшақ атып түсірген. Оқиға Вашингтон мен Бейжіңнің мәмілесін суытып, арасын алыстатқан. Тітпі, екі ел арасында дипломатиялық іс-қимылдар да салқындап қалған еді.


Блинкен сапардан бас тартатыны туралы мәлімдеме жасамады. Бұл дипломатиялық сапар болатын, я болмайтынын болжау да қиын. Қалай дегенмен екі ел арасы барған сайын суып бара жақанын көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.