AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бизнесті қолдау мен халықтың несие алуын төмендету...

Бизнесті қолдау мен халықтың несие алуын төмендету шаралары енгізіледі

Әлеумет 19.11.2025, 14:57 488 yakiya
Бизнесті қолдау мен халықтың несие алуын төмендету  шаралары енгізіледі
aikyn.kz

Қазақстанда банк секторын реттеудің жаңа тетіктері енгізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкіметтің, Ұлттық банктің және Агенттіктің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде бизнесті несиелеуді ынталандыру және халықтың несие алуын төмендету бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Мәселен, 2026 жылғы сәуірден бастап бөлшек қарыздар үшін қосымша капиталды қалыптастыру бойынша талап енгізіледі. Қаржы институттары мұндай несиелер бойынша 2%-ға дейін резервке қоюды міндеттейді, бұл банктер үшін тұтыну портфелін құруды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді.

Сонымен қатар бизнесті кредиттеуді ынталандыру мақсатында Агенттік өтімділіктің төмендетілген коэффициенттерінің қолданылуын 0,9 деңгейінде ұзартады. Бұл шара Қазақстан экономикасы үшін шамамен 3 трлн теңгені босатуға мүмкіндік береді, оны банктер кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағыттай алады.

Өзгерістер пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыру механизміне де әсер етеді. Мысалы, ипотека, қомақты бастапқы жарнаны төлейтіндер үшін арзанырақ болады және тұтынушылық несиелер бойынша пайыздар енді бекітілмейді.

«Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, қарыз сомасының тұрғын үй құнына қатынасына қарай ипотека бойынша ставкаларды айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлейді. Бұл мөлшерлемені нақты тәуекел деңгейімен байланыстыруға және несиелердің қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Кепілсіз тұтынушылық кредиттерге қатысты нарықтық деректер негізінде шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу әдістемесі қайта қаралатын болады», деді Мәдина Әбілқасымова.

Тұтынушылық кредит берудегі тәуекелдерді азайту үшін 2026 жылы жиынтық борыштың жылдық кіріске қатысты коэффициенті іске қосылып, оның нормативтік мәні белгіленеді. Сондай-ақ борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу қатаңдатылады.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 мамырға дейін коллекторларға кредиттерді сатуға тыйым салу ұзартылуда, бұл проблемалы қарыз алушылар санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар банкроттық рәсімі жеңілдетіледі: банктер тиісті кандидаттарды өздері анықтай бастайды және оларға SMS арқылы қарыздарды есептен шығару мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);