ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / Біздің күшіміз – жастардың білімінде

Біздің күшіміз – жастардың білімінде

Жолдау 2023 02.09.2022, 07:32 1,578
Біздің күшіміз – жастардың білімінде
almaty-akshamy.kz
Жаңа оқу жылымен қатар келген күздің алғашқы күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады.Шындығында елімізге түбегейлі саяси реформалар мен қатар нақты өзгерістер...

Жаңа оқу жылымен қатар келген күздің алғашқы күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады.Шындығында елімізге түбегейлі саяси реформалар мен қатар нақты өзгерістер керектігін, соның алғышарттарының жүзеге аса бастағанын байқауға болады.


Бұл Жолдауды Президентіміздің саяси реформа арқылы қоғамды түбегейлі өзгертіп, сатылы түрде жалғастыруы деп қарауға болады. Жолдау «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» - деп аталды.



Онда: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан  маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» деп қадап айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы.



Президент қазақ және орыс тілдерін оқыту мәселесі бойынша көпшіліктің пікірталасына да жауап берді.



«Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде», - деді Президент.



Мемлекет басшысы сонымен қатар жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескеріп, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңызды екенін атап өтті.


Президентіміздің бұл кезекті Жолдауында нық қадам, батыл шешімге бел буған, үлкен ойлар айтылды. Маңызды бастамалар қолға алынып, елдің сеніміне селкеу түсірмейтін нақты іс-шаралардың тезірек жүзеге асуын күтейік. Біз күн тәртібіне қойған маңызды шешімдерге қосылып қана қоймай оны нақты қолдауға тиіспіз. Осының бәрі ел күткен игі істерге бастау болары анық. Ең бастысы, екінші Республиканы құрудағы басты бағдарымызды анықтайтын нақты істердің куәсі болайық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.