ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Біз күн сайын "жейтін" микропластик: 5 тұрмыстық з...

Біз күн сайын "жейтін" микропластик: 5 тұрмыстық заттың зияны

Керек кеңес 23.10.2025, 11:15 486
Біз күн сайын "жейтін" микропластик: 5 тұрмыстық заттың зияны
Сурет: Canva авторлық құқығы, euronews.com
Үйіңіздегі микропластиктің 5 негізгі көзі және оларды немен алмастыруға болады

Үйдегі микропластиктің 5 негізгі көзі. Оларды немен алмастыруға болады?

Микропластиктің өмірімізге енгені соншалық, оны мүлде қолданбау мүмкін болмай тұр. Бірақ күнделікті тұрмыста бірнеше қарапайым әдетті өзгерту арқылы ағзаға түсетін микропластик мөлшерін азайтуға болады. Aqshamnews.kz тілшісі  микропластиктің ағзаға енуін мейлінше азайтуда пайдалы болар бірнеше кеңес ұсынады.

5. Пластиктен жасалған турауға арналған тақтайшалар

Америкалық химия қоғамы(ACS) жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, пластиктен жасалған турау тақталары адамды жыл сайын  79,4 миллионға дейін полипропилен бөлшектеріне ұшыратуы мүмкін.
Тиімді баламасы:

  • Шыныдан жасалған турау тақтайшалары микропластик бөлмейді және оңай жуылады.
  • Қатты қағаз талшықтарынан жасалған экотақталар да экологиялық шешім бола алады.

4. Қысқатолқынды пешке арналған пластик контейнерлер

Небраска университетінің 2023 жылғы зерттеуінде қысқатолқынды пеште ысытуға арналған кейбір пластик ыдыстардың 1 см²-нен 4 миллионға дейін микропластик бөлшектері табылған.
Бұл бөлшектер зертханада бүйрек жасушаларының 75%-ына дейін жойып жіберген.
Баламасы:

  • Шыны немесе керамикалық ыдыстар
  • Тот баспайтын болат контейнерлер

3. Пластик мұз қалыптары 

Пластик қалыптарда мұз қатырған кезде де микропластик суға түседі.
Баламасы:

  • Тамаққа арналған силикон қалыптары;
  • Тот баспайтын болаттан жасалған мұз қалыптары тезірек қатады әрі экологиялық таза.

2. Қағаз стақандар экологиялық таңдау емес

Қағаз стақандар сырт көзге экологиялық тұрғыда таза болып көрінгенімен, олардың ішкі жағы шамамен 10% полиэтиленмен қапталады.

Бұл қайта өңдеуді қиындатады, әрі жылу әсерінен фторидтер, хлоридтер, сульфаттар және нитраттар сияқты зиянды заттардың Баламасы:

  • Тот баспайтын болаттан жасалған термос немесе фляга. Оларды қайта қолдануға болады және микропластик бөлмейді.

1. Шай қалташалары

Көптеген шай қалташалары полипропилен пластигінен жасалады. Ал тіпті "қағаз" деп саналатындарының құрамында аз мөлшерде пластигі бар желіммен жапсырылады.
2023 жылғы зерттеу (Dow University of Health Sciences) бойынша, бір ғана шай қалташасы ыстық суға түскенде 3,1 миллиардқа дейін микропластик бөлшектерін шығарады.
Баламасы:

  • Металл сүзгі немесе чугун шай шәйнегі
  • Мақтадан жасалған қайта пайдалануға болатын қалташалар
  • Табиғи матадан сүзгі қолдану

Микропластиктен толық арылу мүмкін болмаса да, тұрмыстағы шағын өзгерістер арқылы ағзаға түсетін оның мөлшерін азайтуға болады. Экологиялық материалдарды таңдау - өзіміздің және табиғаттың саулығына қосқан үлес болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.