AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Биылғы шомылу маусымында 30 бала суға кеткен

Биылғы шомылу маусымында 30 бала суға кеткен

Оқиға 11.07.2024, 18:05 911 yakiya
Биылғы шомылу маусымында 30 бала суға кеткен
ТЖМ

Батып бара жатқан 131 адам құтқарылған, олардың 35-і – балалар.

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам, оның ішінде 30 бала суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, былтыр осы кезеңде 83 ересек және 23 бала суға кеткен.

Комитет төрағасы орынбасарының дерегінде, суға батып кеткендердің 85 пайызы белгіленбеген, жабдықталмаған, рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен. Қалған 15 пайыз оқиға Алматы, Маңғыстау, Абай, Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы рұқсат етілген шомылу орындарында болған.

“Өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтау үшін рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерде суға түсу керек екенін еске саламыз. Рұқсат етілген орындар туралы деректер БАҚ беттерінде, әкімдік сайттарында, аймақтық департаменттерде бар. Елде азаматтар жүзуге, балық аулауға баратын 85 мыңнан астам өзен, 48 мың көл бар. Бұқаралық демалысқа арналған 708 орын бекітілген. Олардың 167-і коммуналдық, 425-і жекеменшік жағажайлар. Қалған 116-сы спорт пен туризмге арналған”, – деді Ахметжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #су #шомылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);