AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биылғы жылдың 9 айында алматылық медицина ұйымдары...

Биылғы жылдың 9 айында алматылық медицина ұйымдары 1,3 млрд теңгенің қызметін кемшіліктермен көрсеткен

Әлеумет 10.11.2021, 05:12 1,335
Биылғы жылдың 9 айында алматылық медицина ұйымдары 1,3 млрд теңгенің қызметін кемшіліктермен көрсеткен
almaty-akshamy.kz

Алматы тұрғындарына биылғы жылдың тоғыз айында көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 50 мыңнан астам қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы сілтеме жасап. 


Медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімі жетекшісі Әсем Манапбаеваның айтуынша, кемшіліктің басым бөлігіне консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін клиникалар тарапынан жол берілген. Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек бойынша 45 мыңнан астам қызмет түрлі кемшілікпен көрсетілген. Нәтижесінде 80 млн теңге қайтарып алынды.


Ақаумен көрсетілген 5,8 мың қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі.  Аталған кемшіліктер үшін стационарлар мен стационарды алмастыратын мекемелер 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл төледі. 


Ал, кемшіліктерге жол берген емханалар Қорға 60 млн теңге қайтарды.



«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар», – деді Әсем Манапбаева.



МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Көрсетілген қызмет ақысы тыңғылықты тексеруден кейін төленеді.


Бұған дейін хабарланғандай, қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);