конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Биылдыққа ел экономикасы 4,2%-ға өскен

Биылдыққа ел экономикасы 4,2%-ға өскен

Экономика 12.03.2024, 06:08 1,233
Биылдыққа ел экономикасы 4,2%-ға өскен
Сурет: интернеттен

Құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды.


Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2​%-ды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми каналына сілтеме жасап.


Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады.


Биыл екі айда экономиканың нақты секторында өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласында – 3,5%-ды құрады.


Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды.


Өңдеу салаларында өндірістің өсуі машина жасауда 23%-ға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде 21%-ға және электр жабдықтарын өндіруде 45%-ға қамтамасыз етілген.



«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беруде – 56%-ға, көлік және қоймалауда – 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды», деді Н.Байбазаров.



Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету үшін баса назар аудару қажет бірқатар шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту, жаңадан іске қосу және т.б. бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #Қазақстан #өсім #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);