ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фи...

Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм прокатқа шығады

Мәдениет 24.01.2025, 17:05 651
Биыл Ұлттық кино орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм прокатқа шығады
Сурет: Ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз қызметі
Бұл фильмдерде  жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.

Бұл фильмдерде  жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.

Олардың қатарында 2011 жылы Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған «Капитан Байтасов» кинокартинасы бар. Сонымен бірге лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» жобасы да қоғамның кеселін ашып көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Ал «90+1» фильмі жастардың салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа деген құлшынысын оятады. Бұдан бөлек, «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Әбіл» фильмдері кинотеатрларда ұсынылады.

«Кино – жай ғана өнер емес, ұлттық идеологияны қалыптастыратын құралдың бірі. Мемлекет қаржысына түсірілген кинода, ең алдымен, қоғамға қажетті құндылықтар дәріптелуі тиіс. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та киноиндустрияны мәдениеттің бір бөлігі ғана емес, экономиканың жеке тармағы ретінде қарастыруды тапсырды. Киноны дамыту үшін жаңаша көзқарас, тың серпін қажеттігін алға тартты. Түсірілім барысында осы дүниелердің барлығы ескерілді. Қолға алынған жобалар көрермен көңілінен шығады деген ойдамыз», – деді Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Кино орталығы наурыз айының басында жаңа киножобалар конкурсы жарияланатынын да хабарлайды. Биыл фильм түсіруге арналған басым тақырыптар легі жарияланды. Оның ішінде ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік, тарих, тағылым, білім, отбасы секілді маңызды тақырыптар қамтылған. Бұған қоса жұмысшы мамандықтары мен еңбек адамдарының ерлігі де басым тақырыптар қатарында. Толыққанды тізім Кино орталығының ресми сайтында қолжетімді.

Айта кету керек, өткен жылы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу ережесіне өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа ережеге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде әуелі сценарийлер қабылданып, үздіктері сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Бүгінгі есеппен қарасақ, киногерлер үшін сценарий жазу, толымды ой қорытуға 2 ай көлемінде уақыт беріліп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.