AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жаса...

Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында үш жоба іске қосылды

Әлеумет 04.12.2024, 17:54 820 dulatbekova
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында үш жоба іске қосылды
Сурет: CT AGRO

Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау секторында 3 жаңа өндіріс іске қосылды.

Олардың жалпы құны - 5,7 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өнекәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жобаларды іске асыру 172 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.

«Кәсіпорындар өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын, тіркеме және аспалы техниканы, жаңбырлатып суару жабдықтарын, терең қопсытқыштарды және басқа да техниканы шығара бастады. Өнімдердің басым бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Іске қосылған аталмыш жобалар толық қуаттылыққа шыққанда, өндірілген өнім көлемі 107,3 миллиард теңгеге жетуі мүмкін деп болжануда.

Дирекцияның мәліметінше, жалпы ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы инвестициялық портфель 26 миллиард теңгені құрайтын 10 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 700-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Қазіргі уақытта 18,4 млрд теңгені құрайтын бес жоба іске асырылу сатысында, олар 510-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Жобалар аясында комбайндар, тракторлар, ауыр тырмалар, астық тасымалдауға арналған көліктер және басқа да техника өндірілмек. Өндірілген өнімдердің басым бөлігі ішкі нарыққа бағытталатын болады.

«Бұдан бөлек, шамамен 2 млрд теңге құрайтын тағы екі жоба қарастырылуда. Отандық инвесторлармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникаларының әртүрлі түрлерін өндіру және техникаларды жөндеу мен қызмет көрсету орталығын іске қосу жоспарлануда», – деп нақтылады дирекцияда.

Сонымен қатар, салаға инвестициялар тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейде арнайы экономикалық аймақтар аясында инвестициялық преференциялар, жеңілдетілген несие шарттары, салықтық жеңілдіктер сияқты қолдау шаралары көрсетілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл шаруашылығы машиналары #үш жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);