AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл елімізде 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін кө...

Биыл елімізде 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарлануда

Әлеумет 13.05.2025, 10:41 969
Биыл елімізде 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарлануда
Сурет: Gov.kz

Елімізде жаздық дақылдарды жаппай егу басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ол бүгінгі күні жаздық дақылдарды жаппай егу басталғанын, бұл ретте барлық өңірлер егу жұмысына кіріскенін атап өтті. АШМ деректері бойынша барлығы 3,7 млн гектар, оның ішінде дәнді дақылдар – 2 млн гектар, жемшөп – 300 мың гектар, майлы дақылдар – 888 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары және картоп – 195 мың гектарға егілді. Мақта мен қант қызылшасын себу жұмысы аяқталып қалды.

«Күздік дақылдарға келетін болсақ, 2025 жылдың егініне күздік дәнді дақылдар 405,7 мың га алаңға егілді. Олардың 74%-ы жақсы, ал 23%-ы қанағаттанарлық жағдайда», — деп нақтылады Айдарбек Сапаров.  

Сонымен қатар спикердің айтуынша, оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау басталды. Атап айтқанда, Түркістан облысында 1,2 мың гектар алқаптан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды.

Биыл 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарлануда, бұл жаңа өнім жинауға дейінгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айдарбек Сапаров #дәнді дақылдар #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);