Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейд...

Биыл Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейді

Әлеумет 20.05.2024, 18:50 939
Биыл Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейді
интернет

Digital Bridge – IT-индустрияны дамытудың соңғы трендтері мен келешегін талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең үлкен алаң.

Бұған су тасқыны себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум қыркүйек айының басында Астанада өтуі керек еді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан болған елдегі күрделі жағдайға байланысты ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырмасына сәйкес осы жылдың 5-7 қыркүйегінде Астанада жоспарланған Digital Bridge 2024 халықаралық IT форумын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Биыл алтыншы рет өтуі тиіс Digital Bridge 2018 жылы басталып, Орталық Азиядағы IT саласының дамуындағы соңғы трендтер мен келешегін талқылайтын ең үлкен алаңға айналды. 2020 жылы да форум әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілмеген.

Биыл көктемгі су тасқыны Қазақстанда соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апатқа айналды.

"Осыған байланысты, ауқымды залалдың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында мемлекет басшысы үкіметке жоспарланған имидждік және басқа да ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды", - делінген ведомство хабарламасында.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі форумға қатысуға ниет білдіргендердің барлығына алғысын білдіреді. Жағдай тұрақтанған соң, Digital Bridge халықаралық IT форумы 2025 жылы жұмысын жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #инновация #тасқын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.