ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл алматылықтардың еміне қанша ақша бөлінді?

Биыл алматылықтардың еміне қанша ақша бөлінді?

Әлеумет 06.01.2026, 09:30 203
Биыл  алматылықтардың еміне қанша ақша бөлінді?
№5 қалалық клиникалық аурухана
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының мәліметінше, 2026 жылы алматылықтардың денсаулығына МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша 165 млрд теңгені...

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының мәліметінше, 2026 жылы алматылықтардың денсаулығына МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша 165 млрд теңгені қоса алғанда, 367,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті құрамына шұғыл және жедел медициналық көмек, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аса қауіпті ауруларды емдеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар 11 ауру, паллиативтік медициналық көмек және қан препараттарымен қамтамасыз ету кіретінін нақтылайды.

"Бұл медициналық қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға көрсетіледі. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке 202,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", деп хабарлайды қордың алматылық филиалы.

2026 жылы Алматы қаласы бойынша Медициналық сақтандыру қоры 218 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты. Оның ішінде — 126 мекеме жекеменшікте. Алматылықтар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 78 ұйымның (емханалардың) біріне тіркеле алады.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап әл-ауқаты төмен алматылықтар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын қала әкімдігі төлейтін болды. Бұл шара Алматының 62 мыңнан астам тұрғынын қамтиды.

МӘМС мәртебесін қордың ресми сайты арқылы тексеруге болады: msqory.kz, Telegram-saqtandyrybot боты, сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктер арқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.