AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Биыл Алматы облысының полициясы терроризмге осал 1...

Биыл Алматы облысының полициясы терроризмге осал 182 нысанды тексерді

Заң мен тəртіп 02.05.2024, 11:44 975
Биыл Алматы облысының полициясы терроризмге осал 182 нысанды тексерді
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері терроризмге осал 1200-ден астам нысандардың лаңкестікке қарсы қауіпсіздік жағдайын бақылауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік қызметін бақылау бөлімдерімен бірлесіп, терроризмге осал нысандардың басшыларымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Түсіндіру жұмыстары барысында лаңкестікке қарсы қорғау талаптары, лаңкестік актісі орын алған кездегі алғашқы іс-қимылдар, терроризмге қарсы қорғаныс паспорттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер туралы ақпараттандырылады», – деді Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ бастығының м.а. Ұлан Байтақов.



Биыл лаңкестікке қарсы қорғаныс бойынша 182 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесінде 43 нысанның лаңкестікке қарсы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, меншік иелері мен басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.



«Сонымен қатар осындай объектілердің меншік иелерімен, басшыларымен және қызметкерлерімен семинарлар өткізіліп, онда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама, террористік актіні жасау қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі, оларға қойылатын талаптар түсіндіріледі, объектілерді заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен, ескерту жүйелерімен, дабылмен және т.б. жабдықтау бойынша тексеріледі. Ерекше назар терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қарастырылғын қылмыстық жазаға аударылады», – деп атап өтті Ұ. Байтақов.



Осы нысандардың басшылары мен қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрлігімен террористік акт немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау қаупі төнген кезде нұсқаулықтар әзірленіп, жолданды. Нұсқаулар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #полиция #терроризмге осал #нысандар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);