ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Биыл Алматы облысында интернет арқылы алаяқтық жас...

Биыл Алматы облысында интернет арқылы алаяқтық жасаған 32 адам ұсталды

Заң мен тəртіп 14.08.2024, 19:15 967
Биыл Алматы облысында интернет арқылы алаяқтық жасаған 32 адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Алматы облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға және азайту мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.

Алматы облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға және азайту мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.

Жыл басынан бері 32 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 – Жыл басынан бері облыста 747 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Қазір зардап шеккендерге 16 миллион теңгеге жуық өтемақы төленді. Әрине, бұл шамалы сома, бірақ құқық қорғау органдары халық арасында ауқымды профилактикалық жұмысты жалғастыруда. Жыл басынан бері интернет-алаяқтық жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен 32 адам ұсталды, – деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Киберқылмыспен күресу мақсатында облыс полицейлері тұрақты түрде үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға интернет алаяқтарының құрбаны болмау жолдары түсіндірілуде. Тек жыл басынан бері тәртіп сақшылары облыс тұрғындары арасында 37 шара өткізіп, 15 мыңнан астам кітапшалар мен тақырыптық буклеттер таратты. Қоғамдық орындарда 15 билборд пен 13 LED экран орнатылған. Сонымен қатар, барлық жерде дыбыс зорайтқыш құрылғылар арқылы сақтық шаралары туралы мәтіндер таратылады.  Кездесу барысында еліміздің жетекші банктерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі басталып, интернет-алаяқтықпен күресу мәселелері талқыланды.

– Бұл тұрғыда көп нәрсе азаматтардың өзіне байланысты, барлығын қырағылық танытып, алаяқтардың айла-амалына түспеулерін сұраймыз. Банктік шоттарыңызға қатысты қылмыстық әрекеттер туралы хабардар болсаңыз, эмоцияға берілмеңіз, банктің ресми телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы ақпаратты тексеріп, филиалға жеке келіңіз. Сізге полиция қызметкерлерінен, сот орындаушыларынан немесе басқа лауазымды тұлғалардан сізге қойылған шектеулер туралы немесе жазатайым оқиғаға сіздің туыстарыңыз кінәлі деген хабарлама келіп түскен жағдайда, жоғарыда айтылған істерді орындаңыз. Ресми арналар арқылы сізден ақша төлеуге немесе қандай да бір қаржылық операцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты тексеруді ұмытпаңыз. Бұл күмәнді шешудің және алаяқтардың желісінен аулақ болудың ең сенімді жолы, – деп қосты Н.Кеңесханұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.