Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасы...

Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасы жүзеге асады

Әлеумет 15.06.2022, 13:20 1,138
Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасы жүзеге асады
Cурет: Almaty.tv

Алматыда халықаралық форумда аграрлық саладағы өзекті мәселелер талқыланды


Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жобаның 10 жылға нақты тұжырымдамасы бекітілген. Бұл елімізде әлеуметтік маңызы бар тағам түрлерін сапалы өндіру мен осы салада жұмыс орындарының көбеюіне мүмкіндік туғызады. Ал аграрлық саладағы өзге де өзекті мәселелер бүгін Алматыда өткен халықаралық форумда талқыланды. Жиынға шет елдің жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысты.



«Бүгін пандемиядан кейін алғашқы рет оффлайн режимінде ТМД жетекші аграрлық университетінің ректорлары жиналып отыр. Мақсаты – бүгінгі ғылыми конференцияда тәжірибе алмасу. Ғылыми тәжірибелерді алып, біз өзіміздің Қазақстандық аграрлық университеттердің жұмысында пайдаланатын боламыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.



Сондай-ақ халықаралық форум кезінде «Сапалы тамақтану» мен «Өнегелі өмір» кітаптары көпшілікке таныстырылды. Кітапта агроөнеркәсіп саласын дамытудың түрлі бағыттары көрсетілген. Әдістемелік оқулық Лонданда үш тілде басылып шығыпты.



«Қазақстанды аграрлы салада дамыту керек. Дүниежүзінде 10 жылдың ішінде азық-түлік мәселесі туындап тұр. Сондықтан да біздің елді дамыту, экспорт мәселесін шешу, әртүрлі салаларды көтеру мәселесін талқылауға бүгін ректорлар жиналып отыр», – деді Ұлттық ғылыми білім орталығының төрағасы Дархан Балпанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#агроөнеркәсіп #Ұлттық жоба #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.