Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 2024 жылы ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 кар...

Биыл 2024 жылы ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік объект анықталды

Әлеумет 23.07.2024, 11:26 808
Биыл 2024 жылы ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік объект анықталды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан аумағында карантиндік объектілерді әкелуге және таратуға қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы дақылдарының вирусологиялық, бактериологиялық және фитопатологиялық ауруларын анықтау үшін нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісін пайдалана отырып, молекулалық-биологиялық зерттеулер арқылы жүргізілетін фитосанитарлық бақылау және мониторинг жүргізу. 

ПТР-жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік және басқа да аса қауіпті объектілердің жасырын залалдануын анықтау үшін басқа мемлекеттерден импортталатын егіс және тұқым материалының бірегей үлгілерін диагностикалауды Орталық карантиндік зертхана, Алматы аймақтық карантиндік зертханасы, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасы, Сарыағаш қаласының шекара өткеліндегі карантиндік зертхана, Шығыс Қазақстан аймақтық карантиндік зертханасы, Шымкент қаласының карантиндік зертханасы жүргізеді. Бұл туралы almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

2024 жылдың басынан бастап ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық өсімдіктер карантині орталығының филиалдарымен 36 карантиндік объект анықталды.

Сарапшылар ПТР әдісі бактериялардың немесе вирустардың тіпті бірлік жасушаларын анықтауға, басқа әдістермен (микроскопиялық, иммунологиялық, визуалды, жуу әдісімен) мүмкін болмаған жағдайда ауру қоздырғыштарының болуын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. ПТР әдісі әсіресе культивацияланатын, культивацияланбайтын және жасырын түрде дамитын микроорганизмдердің түрлерін диагностикадан өткізу үшін тиімді.

Бүгінгі таңда РӨКР базасында 8 ПТР-амплификатор бар, олардың көмегімен бактериологиялық, вирусологиялық және фитопатологиялық аурулардың ПТР диагностикасы белсенді жүргізіледі, 2025 жылға дейінгі кезеңде қалған карантиндік зертханаларды жарақтандыру үшін қосымша ПТР-амплификаторларды сатып алу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ПТР #карантиндік объект #диагностика #фитосанитарлық бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әр екі апта сайын бір тіл өшеді…

Бүгін 11:45

Ел жолдарындағы жағдай: бірқатар өңірде қозғалыс шектелді

Бүгін 11:24

Алматының Көктөбе шағынауданында 4 750 үй орталық кәріз жүйесіне қосылды

Бүгін 10:34

Алматыда Чокин көшесінде жылу желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 10:21

Қазақстан алғаш рет балмұздақ экспортын импорттан асырды

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі