AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 13 мыңнан астам алматылық «Бақытты отбасы» ор...

Биыл 13 мыңнан астам алматылық «Бақытты отбасы» орталықтарына жүгінген

Әлеумет 21.06.2022, 07:52 1,013
Биыл 13 мыңнан астам алматылық «Бақытты отбасы» орталықтарына жүгінген
Сурет: Inform.kz

Орталықтар көп балалы отбасыларға барынша қолдау көрсетеді.


Қала тұрғындарының басым бөлігі орталықтардың арқасында жұмыс тапты. Сонымен қатар 1500-ден астам адам демеушілерден материалдық қолдау алды. Бұл туралы Алматы қаласы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Біздің орталықтар көп балалы отбасыларға барынша қолдау көрсетеді. Жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Сонымен қатар, біз отбасылық құндылықтарды дәріптейміз. «Бақытты отбасы» орталықтарымен қатар дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы жұмыс істейді, онда мыңдаған адам оқыту курстарынан өтті, мыңнан астам әйел өз ісін ашуға және дамытуға: тігін шеберханаларын, аспаздық, баспаханаларды, сұлулық студияларын ашуға және дамытуға өтеусіз гранттар алды», - деді Зульфия Байсақова.



Айта кетсек, орталықтарға тек көп балалы аналар ғана емес, сонымен қатар домбыра ойнауды, актерлік шеберлікті, биді, қолөнерді үйренетін балалар да барады. Сондай-ақ балаларға орыс және ағылшын тілдері, вокал, хореография бойынша курстар қолжетімді.



«Бұдан басқа, «Бақытты отбасы» орталықтары халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетеді, оларды түрлі бағыттар бойынша оқытады: ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық, тігін ісі, бизнес-жоспарлау, киім дизайны, кәсіпкерлік, бухгалтерия, аспаздық, киіз басу, кірпікті ұзарту, маникюр, визаж, шаштараз қызметтері, пішу және тігу, СММ-маркетинг, киім дизайны, ұялы телефондарды жөндеу, кондитер, аспаз және тағы басқалары. Жыл басынан курсты 1611 адам аяқтады. Биыл 13 мыанан астам алматылық орталыққа жүгінді»,- дейді ол.



Еске салсақ, мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Бақытты отбасы» орталығы қаланың әр ауданында 2019 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Қазір олардың саны тоғызға жетті.


Бүгінде Алматыда 32 278 көп балалы отбасы тұрады, оның ішінде 5001 адам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #отбасы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);