AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бишімбаев университеті ашыла ма?

Бишімбаев университеті ашыла ма?

Әлеумет 03.04.2025, 14:53 844 yakiya
Бишімбаев университеті ашыла ма?
ЖИ көмегімен салынған

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Тараз қаласында университет ашады деген ақпарат тарап кетті.

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Желідегі ақпаратта Bishimbayev University жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтіні, оның ректоры болып Уәлихан Бишімбаевтың өзі тағайындалғаны айтылады. 

Бұл туралы пікір білдірген Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаевтың сөзінше, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-3-бабына сәйкес, кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу үшін заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.

"Осыған байланысты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензиялануға жатады. Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлайды", дейді Беркінбаев. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуандық Бишімбаев #Тараз #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);