AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бірнеше рет істі болған Алматы тұрғыны көлік ұрлап...

Бірнеше рет істі болған Алматы тұрғыны көлік ұрлап кетті

Заң мен тəртіп 28.09.2021, 07:57 1,242
Бірнеше рет істі болған Алматы тұрғыны көлік ұрлап кетті
Сурет: Rg.ru

Көлік ұрлаған адам бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстармен айналысқан


Бірнеше рет сотталған Алматы қаласының тұрғыны біреудің көлігін айдап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ұры қаланың Әуезов ауданында ұсталды. Полицияның мәліметінше, жергілікті тұрғын полиция басқармасына жүгінген, ол 8 қыркүйекте сканер көмегімен автокөліктің дабылын ашып, өзінің «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігін ұрлаған белгісіз адамдарға шара қолдануды сұрады. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.



«Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес көзделген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралары барысында қылмыстық іздестіру қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 36 жастағы Жамбыл облысының тумасын ұстады. Ол бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



Жоғарыда аталған азамат бірнеше рет сотталғандықтан, Жамбыл облысында пробациялық бақылауда тұрғандығы анықталды. Полиция қызметкерлері бұл адамның қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #көлік #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);