ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Биологиядан IBO-2024 халықаралық олимпиадасының б...

Биологиядан IBO-2024 халықаралық олимпиадасының басталуына 12 күн қалды

Білім және ғылым 26.06.2024, 12:39 693
Биологиядан  IBO-2024 халықаралық олимпиадасының басталуына 12 күн қалды
Сурет: Gov.kz
2024 жылғы 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі.

2024 жылғы 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі.

Биыл оған әлемнің әр түкпірінен ең мықты 305 жас биолог қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздің құрама командасына олимпиадалық резерв арасында ең жоғары рейтингке ие болған төрт оқушы мен екі жетекші кірді:

  • Ғалымжан Бақтыбай - «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үш алтын, IBO-2023 олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері;
  • Амина Тынырбай - №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алтын медалінің, National Brain Bee республикалық олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері;
  • Нұртөре Төреханұлы - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы. National Brain Bee республикалық олимпиадасында алтын медаль, International Mendel'S Biology Olympiad-2023 олимпиадасында алтын медаль, 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада алтын медаль иегері;
  • Диас Сүлейменов - Ақтөбе облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екі мәрте алтын медалінің иегері, International Mendel'S Biology Olympiad-2022-де алтын медаль, Авиценна атындағы Халықаралық Олимпиадада қола жүлдегер иегері.

Жетекшілері: Бауыржан Смайлов - биотехнология магистрі, IBO-2007 халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері; Ернар Батыржанов – Ульсан Ұлттық Ғылым және технологиялар институтының (UNIST, Корея) студенті, биология бойынша халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпазы.

Анықтама: Олимпиада теориялық және 4 практикалық турдан тұрады (биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, анатомия және жануарлар физиологиясы). IBO-ға Қазақстан құрама командасы 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдар ішінде ел құрамасы 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль, 14 грамота жеңіп алды. Еліміздің қоржынында 90 марапат бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.