конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім министрлігінің функциялары өзгерді

Білім министрлігінің функциялары өзгерді

Білім және ғылым 03.07.2024, 19:42 1,026
Білім министрлігінің функциялары өзгерді
интернет

Үкіметтің 28 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомствоның функцияларына қосылды:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің қызмет қағидаларын әзірлеу және бекіту;

жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

білім беру-сауықтыру ұйымдары қызметінің және олардың тиісті түрлерінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап).

Бұл ретте министрліктің бірқатар функциялары алынып тасталды:

Халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау және біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;

білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, балаларды мектепке апару, қадағалаусыз қалудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ҚР заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

девиантты мінез-құлқы және ерекше күтім режимі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ҚР Бала құқықтары заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін норманы қоспағанда, 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #министрлік #функция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);