AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім беру ұйымдарын лаңкестіктен қорғау мақсатынд...

Білім беру ұйымдарын лаңкестіктен қорғау мақсатындағы нұсқаулық әзірленді

Білім және ғылым 18.04.2022, 06:55 1,652
Білім беру ұйымдарын лаңкестіктен қорғау мақсатындағы нұсқаулық әзірленді
Сурет: Google.kz

Білім беру ұйымдары лаңкестік тұрғыдан осал нысандар қатарына жатады.


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалиннің мәлімдеуінше, елімізде білім беру ұйымдарын лаңкестік әрекеттерден қорғау мақсатында арнайы нұсқаулық әзірленіп, бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, құзырлы және қызығушылық танытқан органдар балалар қауіпсіздігін жетілдіре түсу жолында бірқатар шараларды атқарып жатыр. Атап айтсақ, Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп білім беру ұйымдарының техникалық жабдықталуын қамтамасыз етуде. Бүгінде білім беру ұйымдарында жаппай бейнебақылау камерасы мен дабыл түймелері орнатылып жатыр. Сонымен қатар мекеменің кіре берісіне тексеру бекеті (турникет) қойылған. Одан бөлек, мектептегі қауіпсіздікке жауапты күзет ұйымының лицензиясы болуы міндетті», - деді Жасұлан Жұманалин.



Спикердің мәлімдеуінше, еліміздегі білім беру ұйымдарының дені лаңкестік тұрғыдан осал нысандар қатарына жатады.



«Осы орайда биыл наурызда білім беру ұйымдарын лаңкестік әрекеттерден қорғаудың арнайы нұсқаулығы бекітілді. Аталған нұсқаулыққа сәйкес, білім беру ұйымдарын жарақтандыру талаптары енгізілді. Бұған дейін біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бейнебақылау жүйесіне қатысты талаптарды әзірлеген болатынбыз. Яғни, білім мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын жедел әрекет ету орталығымен интеграциялау керек», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #ұйым #Лаңкес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);