AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпио...

Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына жолдама алды

Спорт 31.05.2021, 10:52 2,330
Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына жолдама алды
Сурет: Newtimes.kz

Чемпионаттың жүлде қоры - 66 000 АҚШ доллары.


Қазақ шахматшысы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жылдам  шахматтан әйелдер чемпионатына (Women's Speed Chess Championship) жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жылдам шахматтан әлем чемпионаты - ылғи мықтылар қатысатын және онлайн форматта өтетін осы жылдың басты бәсекесі.


28 мамырда басталған іріктеу кезеңі 6 маусымға дейін жалғасады. Ал негізгі бәсеке 10 маусымда басталып, 3 шілдеде аяқталады. Чемпионаттың жүлде қоры  66 000 АҚШ доллары.


IM Бибісара Асаубаева өзінің қайсарлығы мен жігерінің арқасында үшінші мүмкіндігінде жолдамаға ие болды. Отандасымыз алдыңғы чемпионаттарда плей-оффтан ары аса алмаған.


Әр іріктеу кезеңі 21 айналымнан тұратын швейцариялық жүйе бойынша (уақытты бақылау 1+1) және сегіз жеңімпаздың арасында өтетін нокауттан тұрады. Келесі іріктеу жарысы бүгін, 3 маусымда, өтеді.


Айта кетейік, чемпионат 16 шахматшының арасында өтеді. Ертерек жолдама алған сегіз шахматшы арнайы шақырылған сегіз ойыншымен кездеседі. Шақырту алғандар: GM Хампи Конеру (Үндістан), GM Александра Костенюк (Ресей), GM Антоанета Стефанова (Болгария), GM Анна Музычук (Украина), GM Ирина Круш (АҚШ), GM Катерина Лагно (Ресей), GM Лэй Тинцзе (Қытай).


Жанкүйерлер ФИДЕ әйелдер чемпионатын, Chess.com/TV және Twitch Chess.com. арнасынан сарапшылардың түсіндірмесі арқылы тамашалай алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #статиистика #Минздрав #шахматы #чемпионат #Казахстан #Бибисара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);