Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / BeWoman — 2024: арулардың диалог алаңы

BeWoman — 2024: арулардың диалог алаңы

Әлеумет 17.10.2024, 21:24 1,038
BeWoman — 2024: арулардың диалог алаңы
Қайрат Қонысбаев

Мегаполис төрінде Орталық Азия елдерінің көшбасшы қыз-келіншектері, биіктерді бағындырған әйел-аналар BeWoman деп айдар тағылған форумда бас қосты. Салтанатты жиын шымылдығын ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков форум қонақтары мен қатысушыларына шаһар басшысы Ерболат Досаевтың құттықтау-лебізін жеткізді. Аяулы жандарға бақыт, табыс тілеп, аталған форумның жетістікке жету, көшбасшы болу жолдарын үйрететін, жаңа инновацияларды ұсынатын, әлеуметтік прогресті және теңдік мәселелерін талқылайтын маңызды платформа болатынына сенім білдірді.

Ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева онлайн-құттықтауында әйел-аналардың қоғамдағы орны туралы айта келіп, форум жұмысына сәттілік тіледі. 

Форумда Орталық Азия мен әлемнің 20 мемлекетінен 50-ге жуық спикер сөз сөйледі. Үлкен аудиторияны баурап алғандардың ішінде америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының құрылтайшысы Илон Масктың анасы Мэй Маск, Ресейдің танымал журналисі Ксения Собчак, Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким бар.

Өзіміздің отандық көшбасшы әйел-аналар – «Аналар үйі» қоғамдық қорының атқарушы комитетінің төрағасы, IQanat High School of Burabay меценаты Анар Рахимбаева, кәсіпкер, dos Community зияткерлік волонтерлік платформасының білім беру жобаларының директоры Жәния Құрманова, қазақстандық филантроп, эколог, қоғам қайраткері, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қоғамға елеулі пайдасы тиіп жатқан әлеуметтік жобаларының артықшылықтарын, жетістіктерін айтып берді. Ал әйгілі Димаш Құдайбергеннің анасы, өнер қайраткері Светлана Айтбаева дарынды бала тәрбиелеу құпиясымен бөліссе, Bilim media group негізін қалаушы және бас директоры Рауан Кенжеханұлы биіктерді бағындыруда анасының рөлі қандай болғанын әсерлі әңгімелеп берді.

   «Өзіңіздің мақсаттарыңыз бен сүйікті ісіңізді табыңыз», «Жеке бренд: оны қалай жасау керек және ол сізге не үшін керек?», «Кедергілерді еңсеру: арманға қалай жетуге болады?» сияқты ондаған тақырыптарды қаузаған BeWomаn 2024 форумы тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге бірегей мүмкіндік берді, сондай-ақ Орталық Азиядағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін ашуға жол көрсетті деуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #әйелдер #талқы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.