AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бетонды бактериялардан жасауға болады екен

Бетонды бактериялардан жасауға болады екен

Білім және ғылым 01.08.2024, 19:15 1,180 dulatbekova
Бетонды бактериялардан жасауға болады екен
Сурет: Islam.kz

Бетонның бұл жаңа түрі строматолитке қарап жасалды.

 Ол экологиялық жағынан таза және өндіріс кезінде СО2-ны бөлмейді, керісінше сіңіреді.

Бұл жайында aqshamnews.kz islam.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бетон - кеңінен таралған, көп қолданылатын құрылыс материалдарының бірі. Аризона штатындағы зерттеу нәтижесіне сәйкес құрылыс саласында қолданылуы жағынан судан кейінгі екінші орында тұр. Жыл сайын адамзат құрылыста 30 миллиард тоннадан астам бетон өндіреді және пайдаланады және оған деген сұраныс тек өсуде. Дегенмен, бұл құрылыс материалының жағымсыз жағы да бар. Scientific American ғылыми танымдық мерзімді басылымының бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бойынша 1 келі бетон өндіру кезінде ауаға 1 келі көмірқышқыл газын бөлетінін көрсетті. Бетон өндірісіндегі бұл жағымсыз процесс оны өндіруде қолданылатын химиялық реакцияларға ғана емес, сонымен қатар, оны шамамен 1450 ℃ температурада қыздыру үшін алып пештерде қазбалы отынды жағуға байланысты орын алады.

 Қазіргі уақытта бетон өндірісі әлемдегі атмосфераға бөлінетін көміртегінің шамамен 8%-ын құрайды. Десе де адамзат мұндай маңызды әрі танымал құрылыс материалынан бас тарт алмайды. Оның зиянын кеміту үшін өзгертуге болады. Неміс ғалымдары осылай жасады. Олар биоцемент әзірледі, ал білікті мамандар бұл тарапта строматолит сияқты құрылымдардың қалыптасу процесіне назар аударған. Табиғи ортада олар шамамен 3 миллиард жылда өседі. Зерттеушілер алдымен көк-жасыл балдырлар деп аталатын цианобактериялардан бактериялық дақылдарды жасады. Микроорганизмдердің өсуі мен фотосинтетикалық қабілетін оңтайландыру үшін жарық және қоректік көздермен қамтамасыз етілді.

 Содан кейін ғалымдар бактерияларды строматолит тәрізді құрылымдарға минералдануға мәжбүрлеу үшін бірнеше кальций көздерін пайдаланды. Содан соң қоспаға әдеттегі бетон өндірісіне ұқсас гидрогел мен түрлі қоспала (құм, ағаш және т.б.) қосылды. Соңында, жарықпен өсу процесін ынталандыру үшін көмірқышқыл газы суспензияға айдалды. Яғни, биобетон қоршаған ортаға тек зиянсыз болып қана қоймайды, сонымен қатар, оның «жетілуі» кезінде СО2-ны сіңіреді.

Алынған материал кірпіш немесе басқа құрылыс элементтерін жасау үшін қалыптарға немесе торлы құрылымдарға құйылуы мүмкін. Ол, сондай-ақ, экструдталған немесе қосымша өндірісте, мысалы, ғимараттар мен құрылыстарды 3D басып шығаруда пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ғалымдар тобы материал өндірісін кеңейту және оның экологиялық тазалығын арттыру мүмкіндігін қарастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бетон #бактерия #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);