Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бес адамды өрттен алып шыққан ефрейтордың ерлігін...

Бес адамды өрттен алып шыққан ефрейтордың ерлігін ешкім білмеген

Әлеумет 16.10.2024, 10:59 1,269
Бес адамды өрттен алып шыққан ефрейтордың ерлігін ешкім білмеген
aqshamnews.kz
 

Жақсы адамдар өмірде көп. Бірақ біз көбіміз оларды байқамай жатамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің қызметшісі ефрейтор Тұрсынбай Тұрдыбековтің жасаған ерлігін ешкім білмеген және ол бұл туралы ешкімге айтпаған. Себебі, ол өзінің адамгершілік әрекетін ерлік деп санамайды.

Тұрсынбай Тұрдыбековтің өртке оранған үйден бес адамды аман алып шыққанын әріптестері Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің қолбасшылығына Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі Д. Қоңырбаевтың атынан келіп түскен хаттан кейін білген.

Оқиға биыл жазда болған. Сағат түнгі 22:00 шамасында Боралдай кентіндегі Тынышбай көшесіндегі үйден өрт шыққан. Көршісінің үйінің отқа оранып жатқанын көрген Тұрсынбай Тұрдыбеков өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, үйде адамдар бар екенін біліп, биік қоршаудың қақпасынан ішке секіріп түседі. Ол темір қақпаны бар күшімен ашып, үш баланы, аналарын және қарт әжені сыртқа алып шыққан.

– Сол күні мен тәуліктік кезекшіліктен шығып, үйде едім. Демалысымды пайдаланып, әкемнің көлігін қарап, ақаулы жерлерін жөндеп жатқан болатынмын. Кенеттен көршінің үйінің шатыры отқа оранып жатқанын көрдім де, бірден солай қарай жүгірдім. Сыртқы қақпа ашылмай тұрды. Ойланбай, қақпаға өрмелеп шығып, аулаға секіріп түстім. Үйден көршімнің әйелі жүгіріп шықты. Ол үйде балалар мен қарт енесінің барын айтты. Мен бірден үйге кіріп, оларды шығара бастадым. Қақпа жалынның ыстығынан қатып қалыпты, бірақ мен бар күшімді салып, есікті ашып, отбасы мүшелерін сыртқа алып шықтым. Осы сәтте патрульде жүрген полиция қызметкерлері де келіп үлгерді. Бұдан кейін өрттің көрші үйлерге таралмауы үшін полиция қызметкерлерімен және сол жерде тұрған адамдармен бірігіп, қауіпті заттар мен көліктерді шығара бастадық. Өрт – тілсіз жау, жалынына ие бермейді. Адамдардың дін аман болғанына қуандық, – дейді ұландық ефрейтор Тұрсынбай Тұрдыбеков.

Әскери бөлімнің қолбасшылығы ефрейтор Тұрсынбай Тұрдыбековтің ерлігі мен қиын жағдайдағы батыл әрекетін ескеріп, оны жоғары қолбасшылыққа марапаттауға ұсыныс берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрсынбай Тұрдыбеков #Ұлттық ұлан #ерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.