ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Берлинде Қазақстанның Республика күніне арналған к...

Берлинде Қазақстанның Республика күніне арналған концерт өтті

Мәдениет 19.10.2023, 05:02 1,142
Берлинде Қазақстанның Республика күніне арналған концерт өтті
Сурет: 24.kz
«Майстер-зал» сахнасында еліміздің атынан маңғыстаулық әртістер өнер көрсеткен.

«Майстер-зал» сахнасында еліміздің атынан маңғыстаулық әртістер өнер көрсеткен.


Неміс тыңдармандары «Ақшағыл» және «Жорға» ансамбльдерінің музыкалық шеберлігіне тәнті болды. Жетіген, домбыра, дабыл, қылқобыз. Мерекелік кешті ашқан «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі неміс тыңдарманын таңдай қақтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Себебі, әр өнерпаз аталған 5 аспапта ойнай алады. Ансамбль құрамында Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлектері де бар. Ұлы даланың ғажайып әуені алғашқы ноталардан-ақ тыңдарманын баурап алды.



«Керемет концерт болды. Көзімді жұмған кезде мен өзімді Қазақстанның кең байтақ даласында жүргендей сезіндім. Аспаптар шынайы атмосфераны жеткізе білді. Елдеріңізді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанға серпінді даму тілеймін»! - дейді Бундестаг депутаты Катрин Будде. 



Ширек ғасырдан бері сахнада төрінде жүрген ақтаулық «Жорға»ансамблі қазақтың бекзада би өнерін паш етті. Көрермендер қатарынан Бундестаг депутаттары, кәсіпкерлер, тіпті, Германияның экс-президенті Хорст Келер де көрінді. 



«Музыканттар мен бишілер қазақ мәдениетін толық жеткізе алды. Мен атқа мінген шабандоздар, жабайы аңдар мен аңшыларды көргендей әсерде болдым. Сондай-ақ, қазақтың үйлену тойына барып келгендей болдық. Осындай концерттердің, өнерпаздардың арқасында біз Қазақстан туралы көбірек біле түсеміз. Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын және өсіп-өркендеу тілеймін»! - Германияның Федералды Президенті (2004-2010 ж.ж.) Хорст Келер.


«Бұл ерекше кеш болды. Әр түрлі аспап пен музыканттардың шеберлігі мені таң қалдырды. Ғажап концерт болды! Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса дарабоздардың және Себастьян Бахтың өлмес туындылары ойналды. Дәл осындай концерт Мюнхен мен Франкфурт қалаларында да өтеді», - дейді Төменгі Саксониядағы ҚР құрметті консулы Гюнтер Папенбург.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.