Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бердібек Сапарбаевты еске алды

Бердібек Сапарбаевты еске алды

Әлеумет 15.02.2024, 11:24 1,055
Бердібек Сапарбаевты еске алды
almaty-akshamy.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған жиын өтті. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, вице-министрлер, комитет төрағалары, сала ардагерлері және ведомствоның қызметкерлері қатысты.


Жиынға қатысушылар көрнекті саясаткерді еске ала отырып, Б.Сапарбаевпен бірлесе жұмыс жасаған кездегі жетістіктері, оның адами жеке қасиеттері мен жалпы еліміздің және өңірлердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.



«Бердібек Мәшбекұлы тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында өлшеусіз және сүбелі үлес қосқан қайраткер тұлға еді. Ол өзінің адами қарапайымдылығы мен емен-жарқын ашықтығы арқасында ел ішіндегі беделді ақсақалдар алдында да, қарамағындағы мамандар арасында да зор құрметке ие болды. Күн тәртібіндегі кез келген мәселенің ұтымды шешімдерін ойластыра отырып, қоғамдағы түрлі санаттағы өкілдермен ортақ тіл табыса алатын. Сол арқылы еліміздегі әлеуметтік-еңбек саласындағы жоспарларды халыққа тиімді етіп құрып, көптеген қызметпен мемлекеттік көмектің шын мұқтаж адамдар үшін қолжетімді болуын қатаң қадағалады. Шын мәнісінде, әрбір мәселенің жай-жапсарын терең ұғынып, толыққанды түсіне алу және тыңғылықты білу қабілеті, тың және айрықша ойлау дәрежесі, сондай-ақ айналасындағы адамдарға құрметпен қарайтын көзқарасы оның көшбасшылық қасиетін анықтады», – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.



Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде егеменді ел тарихындағы республиканың 5 өңірін басқарған бірден бір әкім. Бұдан басқа екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болуы Б.Сапарбаевтың нағыз елжанды қайраткер екенін танытады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бердібек #сапарбаев #қайраткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.