ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Белгілі кәсіпкер ел үшін жанын салып еңбектеніп жү...

Белгілі кәсіпкер ел үшін жанын салып еңбектеніп жүрген азаматтарға көлік сыйлады

Мәдениет 23.10.2023, 10:25 1,232
Белгілі кәсіпкер ел үшін жанын салып еңбектеніп жүрген азаматтарға көлік сыйлады
Сурет: ашық дереккөз
Алаш қайраткері, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман саналатын «Бақытсыз Жамал» және «Оян, қазақ!» сынды сүйекті шығармалардың авторы Міржақып Дулатұлының соқтықпалы-соқпақты ғұмыры туралы  фильм...



Алаш қайраткері, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман саналатын «Бақытсыз Жамал» және «Оян, қазақ!» сынды сүйекті шығармалардың авторы Міржақып Дулатұлының соқтықпалы-соқпақты ғұмыры туралы  фильм түсірген режиссер Мұрат Есжан мен оңтүстіктен солтүстікке көшті ұйымдастырып жүрген қоғам белсендісі Бурахан Даханға кәсіпкер көлік тарту етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақ руханиятының алтын қорына орасан қазына қосқан, Алаш қайраткерлерінің ел үшін атқарған ерен еңбегін қайта жаңғыртып, сапалы фильм түсіріп көрерменге сәулелі дүние ұсынған Мұрат Есжан бауырымызға темір тұлпар тарту етуді жөн санадық.  Еліміздің оңтүстігінен теріскейге көшті бастап, азаматтардың солтүстіктегі ауылдарға көшіп баруына қозғау салып жүрген қоғам белсендісі  Бурахан Даханның еңбегі қандай құрметке де лайық. Азаматтар алдағы уақытта жаңа көлікпен жүріп, еліміздің өркендеуіне үлесін қоса беруіне тілеулеспіз», деді кәсіпкер Сырымбек Тау.


«Жүк салғыштың есігін ашу үшін көліктің ішінен еңбектеп жетуші едім, терезесі ашылса жабылмайтын салдырлақ көлігіме еш өкпе жоқ. Салдырласа да осы  мәшинемен жүріп те  «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Оян, қазақ!» сериалдарын түсірдік. Сырымбек Тау  мырза салтанатты шараға шақырғанда ойда түк жоқ келіп, көлігімді қымбат мәшинелердің қасына қаңтаруға ұялып, қалтарыстау жерге қалдырып кетіп едім. Ойламаған жерден құрмет көрсеткені, тосын сый болды расында», деді Мұрат Нұрәкімұлы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.