ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Әлеумет 22.05.2025, 21:07 902
Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөз
Белгілі журналист, медиа және спорт саласының қайраткері Диас Ахметшәріп 2025 жылғы 22 мамырда өмірден өтті.  Ол 7 мамырда Ақтауда іссапар кезінде инсульт алып, миына қан құйылып, комаға түскен...

Белгілі журналист, медиа және спорт саласының қайраткері Диас Ахметшәріп 2025 жылғы 22 мамырда өмірден өтті.  Ол 7 мамырда Ақтауда іссапар кезінде инсульт алып, миына қан құйылып, комаға түскен болатын  .

Диас Ахметшәріп өзінің еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері ретінде бастаған.  Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды.  Қазақстандағы алғашқы спорт арнасы — «Qazsport» телеарнасының тұңғыш директоры болды.  Сонымен қатар, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды  .

Мемлекеттік қызметте де белсенділік танытып, 2003–2007 жылдары ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, 2010–2012 жылдары «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 2012–2013 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.  Соңғы жылдары Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі болды  .

Диас Ахметшәріп Олимпиада, Азия ойындары және әлем чемпионаттары кезінде спорт шолушысы және Қазақстан құрамасының баспасөз атташесі ретінде де қызмет етті. 

Оның кәсіби шеберлігі мен спорт журналистикасына қосқан үлесі ел есінде мәңгі сақталады.  Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.