ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Бельгияның Премьер-министрі коронавирусқа қарсы ва...

Бельгияның Премьер-министрі коронавирусқа қарсы вакцинаның бустерлік дозасын алды

Әлем 23.12.2021, 05:51 1,283
Бельгияның Премьер-министрі коронавирусқа қарсы вакцинаның бустерлік дозасын алды
Сурет: Сoronavirus2020.kz
Бельгия Үкіметі рождестволық мерекелер қарсаңында санитарлық қауіпсіздіктің қосымша шараларын енгізуде

Бельгия Үкіметі рождестволық мерекелер қарсаңында санитарлық қауіпсіздіктің қосымша шараларын енгізуде


Отырыс болған күні елдің Премьер-министрі Александр Де Кроо COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның үшінші дозасын алғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап



«Елімізде коронавирустың «дельта» штамымен күрес жүргізуге бағытталған шаралар кешенінің іске қосылғанына үш апта болды. Біз ол шаралардың расымен де көмектесіп отырғанын көріп отырмыз: инфекция жұқтыру жағдайлары азаюда», - деді баспасөз конференциясында А.Кроо.


«Бірақ, бұл сандарға қарамастан, алаңдауға әлі де себеп бар екені анық: вирустың "омикрон" нұсқасы жайлы естіп жүргеніміз жақсы жаңалық емес», - деп қосты ол.



Сарапшылардың бағалауынша, вирустың бұл нұсқасы көп ұзамай Бельгияда басым болады.



«Біз бұрынғыдан қырағы болуымыз керек екені сөзсіз», - деп ескертті бельгиялық Премьер.



А.Крооның айтуынша, қазіргі жағдайда «бустерлік» екпе салдырту өте маңызды.



«Өз басым бүгін өзіме екпе салдырттым», - деп қосты А.Кроо.



2021 жылдың 26 желтоқсанынан бастап ғимарат ішінде іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Кинотеатр, театр және концерт залдары өз жұмысын тоқтатады. Кітапханалар, мұражайлар және спорттық шаралар бұрынғыдай жұмыс істейді. Кәдімгі бассейндер ашық болады, бірақ ойын-сауық бассейндері (аквапарк) жабылуы тиіс. Көшеде палаткалар ішінде өткізілетін іс-шаралар, соның ішінде рождестволық жәрмеңкелер мен «қысқы кентттер», мәдени іс-шаралар, жиналыстар тоқтатылады.


Бұдан басқа, 100-ден астам адамды жинайтын шаралар үшін жеке кіру және шығу есіктері қарастырылған біржақты қозғалыс кестесі құрылуы тиіс. Дүкеннен бір уақытта зат сатып алуға 10 шаршы метрге бір адам кіргізілетін болады. Кәсіби және әуесқой спорттық ойындар (футбол матчтары, велокросс) тоқтатылады. Бельгияда қашықтан жұмыс істеу ережелері бұрынғыдай қалмақ: ел азаматтары жұмысын аптасына төрт күн үйден атқарады.



«Бұл – денсаулық сақта жүйесіне салмақ түсірмеу, мектептердің қысқы демалыстан кейін 10 қаңтарда ашылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар», - деп атап өтті А.Кроо.



Премьер-министр бұл шаралардың бельгиялықтар үшін ауыр екенін қосып өтті.



«Барлығымыз бір жыл күш салудан кейін Рождествоны басқаша өткізетінімізден үміттендік. Алайда бір жыл бұрын барлық барлар мен дүкендер жабылды, шаштараздар жұмысын тоқтатты. Бір-бірімізді көрмей кеттік. Биыл да осылай болуы мүмкін. Қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз: қонақтар санын шектеп, денсаулығыңызды күтіңіздер», - деп үндеді А.Кроо.


Арнұр Рахымбеков


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.