ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бейбіт күннің бағасын білетін ұрпақтың ой-толғамы

Бейбіт күннің бағасын білетін ұрпақтың ой-толғамы

Әлеумет 16.12.2025, 13:21 315
Бейбіт күннің бағасын білетін ұрпақтың ой-толғамы
сурет: Алматы әкімдігі
Бүгін – Тәуелсіздік күні, ұлы мейрам. Мереке қарсаңында біз тәуелсіздік құрдастарымен тілдескен едік. Егемендікке қол жеткізген 1991 жылы дүниеге келген, елімізбен бірге өсіп, қалыптасқан ұрпақтың...

Бүгін – Тәуелсіздік күні, ұлы мейрам. Мереке қарсаңында біз тәуелсіздік құрдастарымен тілдескен едік. Егемендікке қол жеткізген 1991 жылы дүниеге келген, елімізбен бірге өсіп, қалыптасқан ұрпақтың ойы мен тілегін тыңдап көрдік. Әрқайсысы өз саласында табысты еңбек етіп жүрген тәуелсіздік құрдастары ел болашағымен бейбіт өмір жайлы жүрекжарды лебіздерінбөлісті. Ендеше, Тәуелсіздік құрдастары сөз алады...

Елдос ҚОЙШЫМАНОВ, №1 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

Тарихи сәйкестік қана емес, өмірлік жауапкершілік

Мен де Тәуелсіздікпен бірге туған буынның бірімін. 1991 жылы 30 тамызда, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылы қазіргі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылында дүниеге келдім. Сол жерде өсіп-өндім, орта мектепті тәмамдадым.2009 жылы Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсіп, 2016 жылы тәмамдадым. 2017–2020 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында анестезиология және реаниматология мамандығы бойынша резидентурада білім алдым. Бізбен бірге елдің жүгі, үміті, жаңа тарихы да дүние есігін ашты. Сондықтан Тәуелсіздік күні – мен үшін мереке ғана емес, өз өмірімнің тарихи жолы.

2020 жылдан бері реанимация бөлімінде қызмет атқарып келемін. Қазіргі таңда Алматы қалалық онкологиялық орталығында және «Қалқаман»ықшамауданындағы қалалық ауруханада жұмыс істеймін. Жалпы, медицина саласында 2013 жылдан бері қызмет етемін. Осы жылдар ішінде реанимация бөлімінде қаншама ауыр хәлдегі науқастарға көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтауға атсалыстық. Операция кезінде наркоз бен анестезия жүргізіп, хирургиялық емнің сәтті өтуіне үлес қосу – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі кәсіби міндет.

Тәуелсіздік құрдасы болғаныма ерекше қуаныштымын. Мен үшін жәй тарихи сәйкестік емес, өмірлік жауапкершілік. Егемен елде білім алып, өз мамандығым бойынша ел игілігіне қызмет етіп жүргенімді мақтаныш тұтамын. Өз ісімнің нәтижесі оң болған сайын, мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түседі.

Алда келе жатқан 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Елімізге тыныштық пен амандық, халқымызға береке-бірлік тілеймін!

Ерасыл ЕГІНБАЕВ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актері:

Бұл мереке өздігінен келген жоқ

Тәуелсіздіктің құрдасы атану – мен үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш. Сол жылы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында актер болып қызмет атқарып келемін. Бұл салада еңбек етіп жүргеніме алты-жеті жылдай уақыт болды.

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Ол – бейбіт өмірдің, азат сананың, ұлт рухының символы. Бұл мереке өздігінен келген жоқ. Оның артында ата-бабамыздың қаны мен көз жасы, сан ғасырлық күрес, ұлттың тағдыры жатыр. Сондықтан тарихты ұмытпау – әрбір тәуелсіз ел азаматының борышы деп есептеймін.

Қазақ халқы тәуелсіздік жолында үш ғасырға жуық уақыт бойы күресті. Осы жолда ұлт мүддесін қорғау үшін қаншама азамат өмірін қиды. Сол ерлердің арқасында біз бүгін еркін елде өмір сүріп отырмыз, өз тілімізде сөйлеп, ұлттық өнерімізді сахнада жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Өнер – халықтың ұлттық болмысын сақтайтын, тарих пен болашақты жалғайтын көпір. Тәуелсіздік құрдасы ретінде елдің мәдениет саласына қызмет етуді өзіме үлкен жауапкершілік санаймын.

Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықты шын жүректен құттықтаймын!

Ерік СЕРІКҰЛЫ, Қ.Сәтбаев университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы: 

Ғылыммен айналысуға мүмкіндік мол

1991 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келдім. Егемендікпен бірге есейген буынның өкілі ретінде Тәуелсіздікті тек тарихи дата емес, өз өмір жолыммен тікелей сабақтас құндылық деп қабылдаймын. Қ.Сәтбаев университетінің Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасында аға оқытушы болып еңбек етемін. Ғылым жолын таңдаудағы басты мақсатым – Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосу. Тәуелсіз елде ғылыммен айналысуға мүмкіндік мол. Соның айғағы ретінде 2022–2024 жылдары «Жас ғалым» бағдарламасы аясындағы жобаны, ал 2025–2027 жылдары гранттық қаржыландыру жобасын жеңіп алдым. Мұның бәрі отандық ғылымды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көрсетеді деп санаймын.

Ғылыми зерттеулерім қазақстандық және шетелдік рецензияланатын журналдарда жарияланып келеді. Сонымен қатар, мен бірқатар отандық және халықаралық ғылыми басылымдардың рецензенті ретінде де қызмет атқарамын. Олардың қатарында Scopus және Web of Science дерекқорларына енетін жетекші халықаралық журналдар, соның ішінде MDPI, Elsevier, Springer Nature баспаларының журналдары, сондай-ақ Results in Engineering секілді Q1–Q2 санатындағы басылымдар бар. Қазақстандық ғалымдардың әлемдік ғылыми кеңістікке еркін еніп жатқанының дәлелі.

Мен үшін Тәуелсіздік – ғылыммен еркін айналысу, халықаралық тәжірибені игеру және оны ел игілігіне жарату.  Бүгінде жас ғалымдардың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Тәуелсіздік құрдасы ретінде ел ғылымының дамуына қызмет етуді өзімнің азаматтық әрі кәсіби борышым деп білемін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.