ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-н...

Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты

Экономика 17.06.2021, 10:30 2,091
Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты
Сурет:Gov.kz
Қазақстанда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ - ең ірі зауыттардың бірі

Қазақстанда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ - ең ірі зауыттардың бірі


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді.


Зауыт жетекшілігі ИИДМ басшысын кәсіпорынның негізгі өндірістік цехтарының жұмысымен таныстырды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің таратқан хабарына сілтеме жасай отырып.


Айта кетейік,  мұнда тартқыш жылжымалы құрамның жылына 100 бірлігі шығарылады.


General Electric Transportation компаниясының лицензиясы мен технологиясы бойынша жүк, жолаушылар және маневрлік тепловоздар өндірісі 2010 жылдан басталған болатын.


Бүгінгі күні зауытта жүк (ТЭ33АС), жолаушылар (ТЭП33А) және маневрлік (ТЭМ11А) тепловоздары шығарылады.


Отандық өнімнің негізгі артықшылықтарына келер болсақ, қызмет ету мерзімі мен жөндеу аралық кезеңінің ұзақтығы, орнатылған өзіндік диагностикалау жүйесі және бос жүрістегі дизель отынының аз шығыны болып табылады.


Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап 416 тепловоз өндірілген. Оның 35-і Тәжікстанға, Әзірбайжанға, Түркіменстанға, Украинаға, Қырғызстан мен Молдоваға экспортқа шығарылды.


Кездесу барысында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев барлық локомотивтердің техникалық сипаттамалар мен қауіпсіздікке сәйкестігін тексеру мен сынаудың толық циклынан өтіп жатқанын атап өтті. Өндіріс ошағында 570-тен астам жұмыс орны ашылған.


Жалпы, 2010 жылдан бастап 11 мыңнан астам торап пен  бөлшек оқшауландырылды. Бұл құрамдас бөліктердің жергілікті қамтудың 74% -дан астам деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.


Бейбіт Атамқұлов кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамытуға баса назар аудару қажеттілігін алға тартты.


Анықтамалық:


Кәсіпорын ТЭ33АС сериялы қуаттылығы 3356 квт болатын, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы және үнемді, бір секциялы магистральдық жүк тепловозын шығарады. Оның ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 120 шақырым.


ТЭП33А сериялы бір секциялы магистральды жолаушылар тепловозының қуаты 3356 квт. Ол техникалық жағынан алдыңғы қатарлы және үнемді тепловоз. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 160 шақырым.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.