Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бауырластық байланыс беки түседі

Бауырластық байланыс беки түседі

Әлеумет 13.06.2024, 17:42 718
Бауырластық байланыс беки түседі
Қайрат Қоныспаев

Алматыда «Жібек жолы–ІІІ» халықаралық білім жәрмеңкесі өтті

Көрме Түркия Республикасы сауда министрлігінің қолдауымен өтті. Іс-шараға Түркияның 12 жеке және мемлекеттік университеті мен 13 қазақстандық университет қатысты. Бұл көрменің ерекшелігі – әлемде тұңғыш рет түрік және қазақстандық университеттер ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.

Білім жәрмеңкесінің мақсаты – мектеп бітіруші түлектер мен магистранттарға қос елдің жоғары оқу орындарын таныстыру. Іс-шараның ашылуында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мен университет ректорлары сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жәмеңке бұрын өткен іс-шаралардан ерекше болмақ. Себебі, көрмеге Қазақстаннан да 13 университет қатысты.

«Жоғары сынып оқушылары мен магистранттар үшін маңызды көрмені әлем бойынша тұңғыш рет Алматыда өткізіп отырмыз. Екі елдің 25 университетінің басшыларының қатысуымен 250-ге жуық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды. Қос мемлекет арасындағы ғылыми байланысты нығайтуда аталған шараның маңызы зор», – дейді KZ EXPO басқарма төрағасы Хасан Өзкаражалар.  

  Тақырыпқа орай

Эврен МУДЕРРИСОГЛУ, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы:

Әлеуметтік ынтымақтастық артады

Жоғары сынып оқушылары мен бакаларвариат студенттеріне Түркияда білім алу туралы ақпарат беру және Түркия мен Қазақстан университеттері арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықты арттыру үшін ұйымдастырылды.  Түрік университеттері халықаралық аренада жетістікке жетуде. Түркия қазіргі уақытта ең көп шетелдік студенттер оқитын әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіреді. Түркияның жоғары оқу орындарында 198 елден 350 мыңға жуық студент білім алуда. Жыл сайын Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен білім іздеген жастар ағылып барып жатады. Осы орайда, қазақстандық бауырларымыздың да Түркияда білім алуы барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтады деп ойлаймын.

Бүгінгі іс-шараға қатысқан университеттер өзінің білім деңгейі мен сапасын көрсетеді. Алдағы уақытта білім беру саласында зерттеулерге басымдық беретінімізді айтқым келеді. Менің ойымша, осы жәрмеңкеге қатысқан университеттер қатысушыларға білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі таныстырды. Осылайша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді. 

 Нұрлан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Әлеуметтік ісі жөніндегі деканының орынбасары:

Жастар мүмкіндікті дұрыс пайдалануы керек

Біздің университеттің 4-курс студенттері Түркия Республикасының Алматы қаласындағы консулдығында волонтерлік қызмет атқарады. Солардың берген ақпараты бойынша келіп отырмыз. Жастарымыз түрік еліндегі беделді университеттерде білім алуына жағдай жасалып жатқанына қуаныштымын. Қазірдің өзінде Түркиядан бакалавр, магистратура мен докторантура бойынша білім алып, елге оралған мамандар көп. Мәселен, жақында тарих мамандығынан 2-3 докторант PhD докторлық диссертацияларын қорғап келді. Өздеріңіз білесіздер, Түркияның еуропалық елдермен қарым-қатынасы бізге қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Шетелде білім алу мүмкіндігін дұрыс пайдалануымыз керек.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Көрме #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.