AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бас прокуратура алименттен жалтарғандарға ескерту...

Бас прокуратура алименттен жалтарғандарға ескерту жасады

Заң мен тəртіп 01.08.2025, 13:34 846 Сұлу
Бас прокуратура алименттен жалтарғандарға ескерту жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жасырынған – жазасын тартты: алимент төлемейтіндер мүлкі мен бас бостандығынан айырылады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау - прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі.

Алматының Алмалы ауданында ЖСО-ның орындауындағы атқарушылық іс жүргізудегі алимент бойынша берешек сомасы 1,5 млрд теңгеден асты. 

Борышкерлер автокөліктері мен жылжымайтын мүліктерінің болуына қарамастан, олар сот шешімдерін орындаудан саналы түрде жалтаратыны айтылды.

Осыған байланысты прокуратураның бастамасымен қаланың Полиция департаментімен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкерлердің 22 автокөлігі ұсталып, айыппұл тұрағына қойылды. Бес іс бойынша мүлік алынғаннан кейін 7 миллион теңгеден астам қарыз толығымен өтелді. Өндірілген қаржының жалпы сомасы 74 млн теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Жасалған заңбұзушылықтар үшін ең қасақана жалтарғандар жауапқа тартылды, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де.

Олардың біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған: ол сот шешімін қасақана орындамаған және кірісін жасырған, нәтижесінде 11 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты.

Оған пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге бір жыл жаза берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #жалтару #бас прокуратура #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);