конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсау...

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Оқиға 08.04.2026, 17:20 488
Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды
видео скрині

Астанадағы қалалық психикалық денсаулық орталығында ер адам қабылдау бөлімінің фельдшеріне шабуыл жасап, медицина қызметкері бас-ми жарақатын алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада қалалық психикалық денсаулық орталығына келген ер адам қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін фельдшерге шабуыл жасады.

Оқиға 3 сәуір күні болған. Мәліметке сәйкес, ер адам ауруханаға жатқызылған туысымен шұғыл түрде кездестіруді талап еткен. Алайда ол өзі туралы мәлімет беруден бас тартқан.

Кезекші фельдшер оны белгіленген қабылдау уақытымен келуге шақырған. Осыдан кейін ер адам медицина қызметкеріне күш қолданып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан фельдшер бас-ми жарақатын алып, денесінің түрлі жерінен соққы алған.

Көп ұзамай шабуыл жасаған 47 жастағы Астана тұрғыны полиция тарапынан ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолдану фактісімен Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы бойынша тергеу басталған.

Полиция күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ ведомство жедел қызмет өкілдеріне қарсы кез келген агрессия мен қорқыту әрекеті қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);