ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Бақытжан Сағынтаев: Терренкур жайқалып келеді

Бақытжан Сағынтаев: Терренкур жайқалып келеді

Өмір-өзен 21.06.2021, 08:59 2,785
Бақытжан Сағынтаев: Терренкур жайқалып келеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде  абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргінші аймағында болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде  абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргінші аймағында болды.


Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында жаяу жүргінші жолындағы негізгі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




«Терренкур жайқалып келеді. Ұзындығы 9 шақырымдай болатын жаяу жүргіншілер жолының абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Не істелді? Ең алдымен, 5 мыңға жуық бұталы өсімдік отырғызылып, жасыл қор ретке келтірілді. Оның беткейді нығайтып, жағалаудың құлауына жол бермесі анық. Әлбетте, жасыл аймақ ағзаның қалпына келуіне ықпал ететін арнайы микроклиматты сақтайды. Терренкурдың емдік мақсатта салынғаны бекерден емес», — деп жазды Алматы әкімі.




Оның айтуынша, екіншіден, арналар ретке келтіріліп, ол жер тұнба мен құмнан тазартылды. Габион конструкциялары нығайтылып, қалпына келтірілді. Мақатаев көшесіндегі көпір қайта жөндеуден өтіп, гидротехникалық құрылыс жаңартылды. Бұл Кіші Алматы өзенінің өткізу мүмкіндігін минутына 0,5 текше метрден 2,5 текше метрге дейін ұлғайтты. Екі метрлік жерлер барынша үш метрге дейін кеңейтіліп, асфальт ауыстырылды.




«Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін орындықтар жаңартылып, теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін навигациялық стендтер мен ақпараттық стеллалар қойылды. Бұдан өзге әл-Фараби даңғылының астындағы тоннель абаттандырылып, Оқушылар сарайы ғимаратының артына қарау алаңы салынды. Кеңістіктің үйлесімділігі мен тұтастығын сақтау үшін барлық жерде ағаш пайдаланылды», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.




Абаттандыру жұмыстары  аяқталуда. Санитарлық торапты қосу, балалар алаңдарын жасау, жекелеген  учаскелерді абаттандыру ғана қалды.
Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Қазақстан қонақ үйінің артындағы Дружба тынымбағын абаттандыру және Абай атындағы ҚазҰАОБТ жанындағы тынымбақтың тарихи келбетін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерін көрді.



Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев фонтанды реконструкциялау және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік музей аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстардың басталуымен танысты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.