AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бақытжан Сағынтаев: Балалардың жан-жақты дамуы үші...

Бақытжан Сағынтаев: Балалардың жан-жақты дамуы үшін шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылған

Білім және ғылым 25.08.2021, 12:34 1,595
Бақытжан Сағынтаев: Балалардың жан-жақты дамуы үшін шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша  мемлекеттік тапсырыс орналастырылған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Алматы мектептері постковидтік  кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қосымша білім беру ұйымдары балаларды дәстүрлі форматта оқытуды 15 қыркүйектен бастайтынын айтты.


Балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту үшін қолданыстағы мектептен тыс ұйымдар модернизациялануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Мысалы, өткен жыл №5 балалар музыкалық мектебінің ескі нысаны сүріліп, оның орнына жаңа заманауи ғимарат салынды. Биыл тағы 3 Оқушылар үйін жаңарту жұмыстары басталды, қазір жобалық сметалық құжаттарды дайындау кезеңі жүріп жатыр.


Биылдан бастап Алатау мен Наурызбай аудандарында 2 заманауи көп салалы инновациялық шығармашылық орталықтардың  құрылысы басталады, қолданыстағы Оқушылар сарайы модернизациялануда.



«Сонымен қатар, біз осы саладағы жеке сектормен ынтымақтастықты күшейту туралы шешім қабылдадық және мектептен тыс жеке ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы  бөлдік», - деді Бақытжан Сағынтаев.



Осы мемлекеттік тапсырыс аясында 5 мың орын бөлінеді, оның ішінде музыкалық бағытқа 600 орын және 4 мыңнан астам орын туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ғылыми-техникалық, көркемдік және басқа да бағыттар бойынша.


Бұл ретте қосымша білім беру тек білім беру желісі арқылы ғана емес, бұл іске мәдениет және спорт басқармалары да белсенді түрде қатысуда.


Осыған орай, білім беру тапсырысымен қатар 8750 орынға мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыруға жергілікті бюджеттен де қаржы бөлінді.


 Жайлы жағдай жасау және балаларды спортқа тарту үшін жергілікті бюджет есебінен де, жеке инвестиция тартумен де мектептердің спорт алаңдары модернизациялануда.


Бүгінгі таңда МЖӘ аясында 2 спорт алаңын қайта жаңарту аяқталды және 8 алаңда жұмыс жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен тағы 33 спорт алаңы жаңаруда, осы мақсаттарға 1 млрдқа жуық теңге бөлінді. Қабылданған шаралар   мектептен тыс ақысыз біліммен  балаларды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #қосымша #білім #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);