ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / "Балқадиша" әнін орындап "желіні жарған" бала кім?

"Балқадиша" әнін орындап "желіні жарған" бала кім?

Мәдениет 14.05.2025, 12:18 1,180
"Балқадиша" әнін орындап "желіні жарған" бала кім?
almaty-akshamy.kz
Әлеуметтік желіде татами үстінде "Балқадиша" әнін орындаған жасөспірімнің видеосы миллионнан астам қаралым жинап, көпті тәнті етті. Aqshamnews.kz тілшісі жұртты сүйсінткен баланың әкесімен...

Әлеуметтік желіде татами үстінде "Балқадиша" әнін орындаған жасөспірімнің видеосы миллионнан астам қаралым жинап, көпті тәнті етті. Aqshamnews.kz тілшісі жұртты сүйсінткен баланың әкесімен сұхбаттасты.

 

"Спортпен қатар, өнер байқауларынан құр қол келмейді"

Көпшілікті даусымен тәнті еткен видеодағы баланың есімі – Бекболат Иса Ілиясұлы. Атырау қаласы, Алмалы ауылының тумасы. Исаның ата-анасы домбырашылар екен. Өнерлі отбасынан шыққан 14 жастағы жеткіншек 2019 жылдан бері дзюдо спортын жанына серік еткен.

«Мен де, жұбайым да спорттан алыс жандармыз. Керісінше өнер адамдарымыз. Ұлым Исаның бойындағы өнер бізден дарыған болуы керек. 8 жасында өзінің қалауымен дзюдо спортына берген болатынмын. Содан бері бірнеше жарыстарға шығып, жүлделі орындар алып келеді. Ал мектепте музыка пәнінің мұғалімі ән байқауларына да қатыстырып тұрады. Өнер байқауларынан да құр қол келген емес» дейді Исаның әкесі Ілияс мырза. 

"Жылы лебіз білдіргендерге көп рақмет!

 Ілияс мырза ұлының өнеріне тамсанып жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

 «Қазақта «жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар ғой. Сол секілді ұлымыз қай саладан болмасын үлкен жетістіктерге жетіп жатса ата-анасы ретінде біз әрдайым сөзсіз қуанышты боламыз. Желіде Исаның ән айтқан видеосына ақ тілектерін арнап жатқан жандарға үлкен алғысымды айтамын. Ұлым болашақта кім болғысы келетінін өзі таңдайды. Баланың таңдауына қарсы келмеу керек. Біз оны әрқашан қолдауға әзірміз» деді Ілияс мырза.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.