AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Баланың шашы күйіп қалыпты". Көршілері Түркістан...

"Баланың шашы күйіп қалыпты". Көршілері Түркістан облысындағы оқиға туралы айтты

Оқиға 18.11.2025, 16:43 593 Сұлу
"Баланың шашы күйіп қалыпты". Көршілері Түркістан облысындағы оқиға туралы айтты
"7 арна" кадры

Түркістан облысында үй өртеніп, салдарынан 12 адам қаза тапты. Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісайда болған алапат өрттен қаза тапқандардың барлығы - бір әулеттің мүшелері.

"Олар үш ағайынды. Әулет мүшелері көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан келе жатып, Алғабас ауылындағы туыстарының үйіне түнеген. Түн ортасында 360 шаршы метрлік екі қабатты коттедж отқа оранып, 12 адам көз жұмды. Өрт салдарынан үй иесі мен оның отбасы мүшелері қаза тапты", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Көршілері оқиға қалай болғанын айтты.

"Таңғы сағат 5:05-те көрдім. Келіншегі "апа, жәрдемдесіңіздерші" деп айқайлап тұр екен. Сыртқа шыға алмай тұрды. Көршілерге жүгірдім. От қып-қызыл болып жанып жатыр екен. Біреуі оянды, біреуі оянбады. Баламды ояттым, біреуін алып шықты. егіздің біреуін көрдім, шашы күйіп кеткен", - дейді Қанайым Жүнісова.

Оқиғаның мән-жайы

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 қарашада таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер келген сәтте үй толықтай өртке оранғаны анықталған. Өртті сөндіру және барлау кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

"Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы – бала", – делінген ТЖД хабарламасында.

Көршілердің айтуынша, оқиға болған үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелерінде іс-шара өткен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Қазір оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, тергеу басталды.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #өрт #өлім #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);