ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Баланың жауырыны жабыса ма?

Баланың жауырыны жабыса ма?

Медицина 08.12.2025, 13:55 585
Баланың жауырыны жабыса ма?
Сурет: Youtube.com
Гипертонус деген не?

Жаңа туған нәресте шалқасынан жатпай, шалқалап жылай берсе, "бұл баланың жауырыны жабысқан" деп айту халқымызда әдепкі жайт. Жылдар бойы әжелеріміз бен аналарымыз баланың денесін майлап жіберіп, аяқ-қолын созып, қазіргі "массаждан" кем түспейтіндей етіп жасап келеді. Жауырыны жабысқан деп айтып жүрген "диагноз" шын мәнінде медицинада бұлшықеттің гипертонусы деп аталады. Дейтұрғанмен, "ескілікке" салып, көпшілік әлі “жауырыны жабысып қалыпты” деп қорқып, қолмен түзеткісі келетіндер бар. Aqshamnews.kz тілшісі осының қаншалықты дұрыс-бұрыс екенін анықтап көрді. 

Педиатр мамандардың сөзіне сенсек, бұл - ескі миф! 

"Бұрын бесікте бала ұзақ қозғалыссыз жататын, сондықтан “жауырын жабысады” деген түсінік тараған. Ал қазір бала еркін қимылдайды. Тіпті, қазіргі медицинада баланың қол-аяғын жөргекпен де қатты тартып, орамайды" -  дейді мамандар.

Ал мына видео-роликте тағы бір балалар дәрігер "жауырын ашуға" тырысу әрекеті оған жарақат әкелуі мүмкін екенін айтады. 

Гипертонус деген не?

Гипертонус  - бұл бұлшықеттердің шамадан тыс тартылып, үнемі кернеуде болуы. Жаңа туған нәрестелерде ол көбіне арқа, мойын және жауырын аймағында байқалады. Бұл жағдай балаға жайсыздық тудырып, ұйқысына, қимылына және жалпы көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін.

Неліктен пайда болады?

Гипертонус бірнеше қарапайым тұрмыстық себептерден туындауы ықтимал:

  • Баланың ұзақ уақыт бір қалыпта жатуы (бесік, люлька, автокресло);

  • Тым жұмсақ төсек немесе диван;

  • Қатты немесе тым тығыз оралған жөргек;

  • Емдік дене шынықтырудың (ЛФК) жасалмауы;

  • Қимыл-қозғалыстың аздығы.

Бұлшықет ұзақ уақыт бір күйде тұрып қалғанда табиғи қозғалғыштық шектеліп, белгілі бір аймақтарда кернеу пайда болады.

Гипертонус белгілері

Ата-ананың алғашқы байқайтын белгілері:

  • Бастың жиі артқа қарай шалқаюы - бала сол арқылы өзін жайлы сезінуге тырысады.

  • Ішпен жатқанда дененің бір жағына қисайып кетуі - бұлшықет теңгерімінің бұзылуының белгісі.

  • Қолмен жұмыс істегенде немесе көтергенде мазасыздану, жылау.

  • Қимылдарды шектеуге тырысу, денені қатайтып алу.

Егер бұл белгілер ұзақ уақыт байқалса, педиатр мен мамандандырылған массажистке қаралған жөн.

Не істеуге болмайды?

Гипертонус кезінде ата-ананың жиі жіберетін қателіктері бар, олар балаға зиян келтіруі мүмкін:

  1. Кенеттен, селк еткізер қимылдар жасауға болмайды.
    Кілт (кенет) қозғалыстар сіңірдің созылып немесе жыртылып кетуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жарақаттың салдары – буын тұрақсыздығы, жиі шығу және подвывихтар.
  2. Жауырынды күшпен көтеруге, тартуға болмайды.
    Бұл тек ауырсынуды күшейтіп, нәрестеге үлкен стресс әкеледі.
  3. Массажды дұрыс жасамау
    Кей адамдар үй жағдайында өз бетінше қатты басып, уқалайды. Егер ретін білмесе, бұл бұлшықет тонусын одан әрі күшейтіп жіберуі мүмкін.

Қалай көмектесуге болады?

Гипертонус – түзетуге болатын жағдай. Ең бастысы, бәрін ақырын, жұмсақ және дұрыс орындау:

1. Арқа мен жауырын аймағын жылыту

Жылыту – бұлшықетті босаңсытудың алғашқы қадамы.

  • Жылы ванна;

  • Жеңіл, жұмсақ сипау;

  • Арқаға арналған жылы компресс (тым ыстық болмауы керек).

2. Жұмсақ емдеу, яғни емдік гимнастика (ЛФК) - ең тиімді әдіс

Емдік дене шынықтыруды арнайы маман көрсеткеннен кейін ғана жасап үйренген жөн.
Жаттығулардың мақсаты:

  • Балаға қажетті қозғалыс еркіндігін беру;

  • Баяу, ырғақты созылулар арқылы тонусты азайту;

  • Дұрыс моторлық дағдыларды қалыптастыру.

3. Массаж

Тек кәсіби сертификаты бар маман орындауы тиіс.
Жай сипау, жеңіл шеңберлік қимылдар, арқа мен қол-аяқты релаксациялау әдістері қолданылады.

4. Балаға жағдай жасау

  • Төсек тым жұмсақ болмауы керек;

  • Бала бір қалыпта ұзақ жатпауға тиіс;

  • Күнделікті “ішпен жату” уақыты 1-2 минуттан бастап біртіндеп ұзарту;

  • Еркін қимылдауға мүмкіндік беру.

Гипертонус – сәбилерде жиі кездеседі  және қауіпті дерт емес. Дегенмен балаға жайсыздық туғызатындықтан, дер кезінде назар аудару маңызды. Халық арасында “жауырыны жабысқан” деп аталатын бұл құбылыс – шын мәнінде физиологиялық жағдай, оны дұрыс күтіммен және мамандардың көмегімен оңай түзетуге болады.

Ең бастысы - баланы "жұлқылау" арқылы емес, жұмсақтықпен: сабыр және дұрыс әдіспен емдеу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.