ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Баланы TikTok-тан қалай шектеуге болады?

Баланы TikTok-тан қалай шектеуге болады?

Әлеумет 10.04.2025, 15:34 620
Баланы TikTok-тан қалай шектеуге болады?
Сурет: Medianation.ru
Вице-премьер ата-аналар үшін ерекше лайфхакпен бөлісті.

Вице-премьер ата-аналар үшін ерекше лайфхакпен бөлісті.

Ермек Көшербаевтың сөзінше, аталған желіде баланың қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік бар. 

– TikTok параметрлеріндегі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар "Ата-ана бақылауы" бағдарламасына қосылып, "Отбасылық баптау" арқылы ата-ана жасөспірімнің есептік жазбасын өз есептік жазбасымен байланыстыра алады, – делінген ресми жауапта.

Аталған тетік арқылы ата-ана баласының қолындағы смартфонның экран уақытын шектеп, құпиялылық орнатуға болады әрі жеке хабарламаларды қауіпсіз ету де оңай. 

– TikTok онлайн платформасының ішкі ережесіне сәйкес, оны 13 жастан асқан адамдар ғана қолдана алады және платформадағы кейбір мүмкіндіктерге кәмелет жасына толмаған жастар үшін қол жеткізе алмайды. TikTok платформасын пайдаланушылар экран уақытын 40, 60 минут, бір жарым сағат немесе кез келген басқа қалаған уақытқа орнату арқылы жасөспірімдердің онлайн платформаны пайдалану уақытын шектей алады. Ал ата-аналар орнатқан уақыт шегі аяқталғаннан кейін жасөспірімдерден әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін құпия сөзді енгізу сұралады. Ол құпия сөзді енгізген жағдайда ғана қосымша 30 минутқа қоса алады. Ата-аналар белгіленген кесте бойынша TikTok хабарландыруларын өшіре алады. Атап айтқанда, 13 пен 15 жас аралығындағы пайдаланушылар 21:00-ден бастап, ал 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 22:00-ден бастап хабарлама алмайды, – деп жазады Премьер-министрдің орынбасары.

Депсауалға берілген жауапта осы күні Оқу-ағарту министрлігінің балаларға арналған SIM-карта енгізу мәселесі қаралып жатқаны сөз болған. 

– Арнайы SIM картаның көмегімен ата-аналар балаларын бақылап, олардың онлайн уақытын шектей алатын болады. Мұқият талдау жүргізіп, халықаралық тәжірибені зерделегеннен кейін бұл бастама заңнамалық деңгейде бекітіледі, – деп қоса кетті Ермек Көшербаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.