ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / “Балам – ең басты жобам”: Алматыда балалардың сала...

“Балам – ең басты жобам”: Алматыда балалардың салауатты өмір салтына арналған форумы өтті

Алматы 16.11.2025, 16:55 383
“Балам – ең басты жобам”: Алматыда балалардың салауатты өмір салтына арналған форумы өтті
Сурет: Қайрат Қонысбаев
Алматы қаласында мектеп жасындағы балалар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған форумы ұйымдастырылды.

Алматы қаласында мектеп жасындағы балалар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған форумы ұйымдастырылды.

 «Балам – ең басты жобам» атты форумға ата-аналар, мұғалімдер, дәрігерлер, нутрициологтар және сала мамандары қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Форумды ФАО-ның Қазақстандағы салауатты  тамақтану жөніндегі жобасының менеджері Рауан Ерұлан ашты. Ол балалардың жастайынан дұрыс тамақтану әдеттері мен мәдениетін  қалыптастырудың маңызына көбірек тоқталды.

«Салауатты тамақтану дағдыларын ерте жастан қалыптастыру болашаққа салынған инвестиция. Балалар тамақтың олардың көңіл күйіне, денсаулығына және оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін түсінгенде, өз рационына саналы түрде мән беріп, пайдалы таңдау жасауды үйренеді», — деді Рауан Ерұлан. 

Мамандардың айтуынша, баланың толыққанды дамуы үшін 8–10 сағаттық сапалы ұйқы, тұрақты дене белсенділігі және құрамында қажетті қоректік заттары бар пайдалы тағам аса маңызды. Айта кетейік, бала болашағына арналған шараға Алматы мектептерінен 100-ден астам ата-анасы қатысты. Шараның негізгі мақсаты құнарлы әрі теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын насихаттау.

Форум барысында сарапшылар Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында балалар семіздігі бойынша жоғары көрсеткіштердің біріне ие екеніне назар аударды. Мамандардың пікірінше, мұның негізгі себептерінің бірі, әсіресе12 жастан асқан жасөспірімдер арасында тәтті газды сусындарды шамадан тыс тұтынылуы. Сонымен қатар, көптеген балалардың күнделікті рационында маңызды қоректік заттардың тапшылығы байқалады. Қазақстанның агроазық-түлік жүйесін тұрақты дамытуда ілгерілеу бар болғанымен, қоғамдық денсаулық пен тамақтану саласындағы мәселелер өзекті күйінде қалып отыр.

Бұл мәселелерді шешу үшін ФАО «Салауатты тамақтануды дамыту және ауқымын кеңейтуге үлес қосу» атты пилоттық жобасын іске асыруда. Жоба аясында Қазақстан үкіметіне техникалық қолдау көрсетіліп, мектеп тамақтануының жаңартылған стандарттары енгізілуде, әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оқу орындарында пилоттық бағдарламалар іске асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.