AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балаларды азаптаған Сманов қылмыстық жауапкершілі...

Балаларды азаптаған Сманов қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Заң мен тəртіп 19.06.2024, 10:49 911 Bakyt
Балаларды азаптаған Сманов  қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
almaty-akshamy.kz

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында Ұлықбек Смановқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қалалық соттың хабарлауынша, мамандандырылған ауданаралық сотта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) және ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өтінішхаты қаралды.

Сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ұлықбек Сманов созылмалы психикалық аурумен ауырады және өз әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарады. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес, Ұлықбек Смановты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеуге мәжбүрлеу шараларын тағайындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментіне балаларды психикалық аурумен ауыратын адамның қамқорлығына беру фактісі бойынша жеке қаулылар шығарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетсе бұған дейін Шымкентте балаларға жауыздық танытқан емшінің қылмыстық өткен шағы жайында жазған едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлықбек Сманов #қылмыстық жауапкершілік #психикалық ауру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);