AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Әлеумет 23.05.2025, 19:20 1,422 Рая Ескендір
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
aqshamnews.kz

1 маусым – Балаларды қорғау күніне айрықша мән беріледі. Бүгінгі балалар – болашағымыздың келбеті. Балаларға отбасында, мектепте және қоғамда ақаусыз тәлім-тәрбие беру, қауіпсіз орта жарату, тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау тұтас қоғамның ортақ атқаратын міндеті.

Бүгін қаладағы білім беру мекемелерінде балалардың құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіздікті мәселелеріне көңіл аударту мақсатында маңызды іс-шаралар өтті.

Бостандық ауданындағы №70 мектеп балалардың құқықтық танымын тереңдету ісін қызықты сайыс түрінде ұйымдастырды. "Балалар қауіпсіздігі – басты назарда" деп аталатын квест-сайысына түрлі сынып оқушылары қатысып, құқық пен қауіпсіздік және тәртіп тақырыптарында өз білімдерін көрсетті.

Оқушылар сайыс барысында өздерін полиция өкілдері ретінде көрсетіп, қауіпсіздік пен тәртіптің, қоғам тыныштығының маңызды кепілдерін, құқықтық тақырыптарды талқылады. Полицей формасын киген оқушылар өздерін қоғам амандығын сақтаушы ретінде сезіне алды.

Балаларға заң мен тәртіпті, түрлі ортадағы қауіпсіздік мәселелерін түсіндіруде өзара ақыл-ой сайсы форматын қолданудың нәтижесі жоғары деп санайды мектеп ұжымы. Мектептегі бұл маңызды іс-шараға ювеналды полиция өкілдері де қатысып, сайыскерлерді бағалады және жеңімпаздарды марапаттады. 

№70 мектептің директоры Зауреш Бейсембаева әр мектептің педагогикалық ұжымының басты міндеті – әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін, ол үшін кешенді тәсіл қажеттігін баса айтып өтті. Айталық, мектептің техникалық қауіпсіздік құралдарымен (күзет, турникеттер, бейнекамералар) жабдықталуы – бұл Алматы қаласы Білім басқармасы тарапынан барлық мектептерде толық қамтамасыз етілгенін баса белгіледі. Сонымен қатар, оқушылармен және олардың ата-аналарымен де жұмыс жүргізілуі қажет деп санайды Зәуреш Тұрсынбекқызы. 

"Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мектеп Бостандық ауданының ПБ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Олар 6 "Ә" сынып оқушыларынан құралған "Жас Сақшы" тобын ұйымдастырды. Биылғы оқу жылы барысында мектеп инспекторлары үлкен жұмыс атқарды. "Жас Сақшы" тобының оқушылары бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіп, оларды сабақтан қалмауға, кешікпеуге, мектеп ережелеріне бағынуға, қауіпті заттарды әкелмеуге, мектеп мүлкін сақтауға, мектеп оқушылары мен қызметкерлерін құрметтеуге үйретеді. Балалардың полицей формасын киюі – өз алдына, оларға полицей бейнесіне сай болуға деген жауапкершілік жүктейді", - дейді №70 мектеп директоры Зәуреш Бейсембаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #бала #қауіпсіздік #полиция #Балалар күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);