Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бала туғаннан кейін бірден ЖСН беретін заң мақұлда...

Бала туғаннан кейін бірден ЖСН беретін заң мақұлданды

Әлеумет 02.05.2024, 07:11 968
Бала туғаннан кейін бірден ЖСН беретін заң мақұлданды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сенат депутаты Бауыржан Қаниевтің сөзінше, заң аясындағы бірқатар түзету мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заңмен Қазақстан Республикасының 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілген.


Атап айтқанда:


- байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;


- елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;


- ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;


- жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау мақсатында бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;


- байланыс операторларының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беру жөніндегі қосымша міндеттемелерін белгілеу;


- алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту және тағы басқа бөліктерінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.



Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылау үшін қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да заңның аясында қарастырылған. Қажетті инфрақұрылым құрылысын және шұғыл қызметтердің жұмысын жеделдету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне бюджет қаражаты есебінен телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді түгендеу бойынша құзырет берілетін болады, - деді Бауыржан Қаниев.



Оның айтуынша, заң мақұлданған соң, біріншіден, байланыс желілерінің құрылысы жеделдетіледі. Екіншіден, байланыс қызметтерінің сапасы жақсарады, қамту аймақтары кеңейеді, абоненттер саны артады. Үшіншіден, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамиды. Төртіншіден, жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды, бесіншіден, инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Сенат #жсн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.