AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін

«Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін

Әлеумет 14.05.2026, 16:12 265 Bakyt
«Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін
Ашық дерек көзінен

Елордада Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен «Мемлекеттілік – бұл билік емес, ұлттың болашағы үшін жауапкершілік» атты қоғамдық-саяси конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында саяси реформалар, ұлттық қауіпсіздік, ғылым, экология және экономикалық басқару мәселелері кеңінен талқыланды. Конференция барысында қоғамдағы өзекті мәселелермен қатар, елдің болашақ саяси бағытына қатысты маңызды ұсыныстар да айтылды.

Шараның басты жаңалығы – «Байтақ» партиясының «Әділет» партиясына «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компаниялардың қызметін бақылауға арналған парламенттік комиссия құру бойынша саяси альянс жасау жөніндегі ұсынысы болды. Бұл бастама саяси сарапшылар тарапынан елдегі партияаралық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде бағалануда.

Конференцияны ашқан партия төрағасы Азаматхан Әміртаев мемлекеттілік ұғымының тек билікпен емес, ұлт алдындағы жауапкершілікпен өлшенетінін айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституцияда көрсетілген болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен табиғатты қорғау қағидалары Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағыты болуы тиіс.

– Мемлекеттілік – тек басқару жүйесі емес. Бұл – ұлттың болашағына жауап беру, табиғатты сақтау, ұлттық байлықты әділ пайдалану және халықтың мүддесін қорғау, – деді ол.

Конференция барысында бірқатар сарапшылар мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін ортаға салды. Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының өкілі Түлеп Балғымбаев азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі ретінде қарастыру қажеттігін айтты. Ал академик Мейірбек Молдабеков ғылым экономиканың басты қозғаушы күшіне айналмайынша, елдің жаһандық бәсекеге төтеп беруі қиын екенін жеткізді.

Технологияларды коммерцияландыру саласының маманы Арын Орсариев жасанды интеллект пен экологиялық технологиялардың мемлекеттілікті нығайтудағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, технологиялық тәуелсіздік пен инновациялық даму Қазақстан үшін стратегиялық басымдыққа айналуы қажет.

Сондай-ақ, профессор Жамаледен Ибрагим елде тиімді саяси реформалар жүргізу үшін көппартиялы жүйені дамыту маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, саяси бәсекелестік пен қоғамдық бақылау күшеймейінше, мемлекеттік институттардың тиімділігі де толық артпайды.

Экология мәселесі де назардан тыс қалмады. Нұргүл Қадырбаева өндірістік аймақтардағы экологиялық ахуал халық денсаулығына ғана емес, мемлекеттің қорғаныс қабілетіне де әсер ететінін айтты. Ол экологиялық қауіпсіздік мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы керектігін ескертті.

Конференциядағы ең өзекті баяндамалардың бірін партияның атқарушы хатшысы Алмат Туртаев жасады. Ол «Самұрық-Қазына» қорының қазіргі басқару моделін сынға алып, қордың бастапқы мақсатынан алыстап кеткенін мәлімдеді.

– Қор бүгінде инвестициялық құрылымнан гөрі экономиканың аса ірі министрлігіне айналып кеткен, – деді Алмат Туртаев.

Ол реформаның бірнеше бағытын ұсынды. Атап айтқанда, қорды бірнеше тәуелсіз құрылымға бөлу, меншік иесі мен реттеуші функцияларын ажырату, экономикадағы мемлекет үлесін азайту, халықаралық аудит енгізу және сатып алу жүйесін толық цифрландыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Алмат Туртаев «Байтақ» пен «Әділет» партиялары арасында саяси альянс құруды ұсынып, оның негізгі мақсаты ұлттық байлықты қорғау және «Самұрық-Қазына» қызметіне тәуелсіз халықаралық аудит жүргізу болуы тиіс екенін жеткізді. Оның пікірінше, парламенттік деңгейдегі тұрақты бақылау жүйесі мемлекеттік активтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Саяси сарапшылардың бағалауынша, бұл бастама Қазақстандағы партияаралық ықпалдастықтың жаңа форматына жол ашуы мүмкін. Егер ұсыныс нақты саяси келісімге ұласса, ол парламенттік бақылауды күшейтіп қана қоймай, ұлттық компаниялардың қызметіне қоғамдық назарды арттыруы ықтимал.

Жалпы, конференция «Байтақ» партиясының алдағы парламенттік сайлау алдындағы саяси-экономикалық ұстанымдарын айқындаған маңызды алаңдардың біріне айналды. Жиында көтерілген мәселелер қоғамдағы экономикалық әділеттілік, саяси жаңғыру және ұлттық жауапкершілік тақырыптарының өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БайтақПартиясы #Конституция #әділет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);