AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

Оқиға 22.08.2021, 08:34 1,430 Almaty-akshamy
Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды
сурет: Inform.kz

Ұшыру сәті Роскосмостың телестудиясынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.


Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:13-те Байқоңыр ғарыш айлағы 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен "Фрегат" үдемелі блогы және OneWeb британдық 34 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Бұған дейін зымыран-тасығышты ұшыру техникалық себептерге байланысты екі рет кейінге шегерілген болатын. Ал бүгінгі ұшыру сәті Роскосмостың телестудиясынан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Тікелей репортажды жүргізушілердің ақпаратына сәйкес, зымыран штаттық режимде ұшырылды. «Союз 2.1 б» зымыран-тасығыш сатысының бөлінуі ұшу циклграммасына сәйкес болды. Зымыран ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң спутниктер топтамасы бар басты блок орбитаға шықты. OneWeb төменорбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінге дейін орбитаға 254 ғарыш аппараты шығарылған болатын. Енді тағы 34 спутниктің шығарылуымен олардың саны 288-ге жетеді. Компания жалпы саны 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спутник #Байқоңыр #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);