ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен БҰҰДБ ферм...

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен БҰҰДБ фермерлерді қаржыландыру жобасын іске қосады

Әлеумет 10.11.2025, 10:26 352
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен БҰҰДБ фермерлерді қаржыландыру жобасын іске қосады
Сурет: Gov.kz
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұлттық астық операторы және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты агроөндіріс, егіншіліктің экологиялық тәжірибесін...

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұлттық астық операторы және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты агроөндіріс, егіншіліктің экологиялық тәжірибесін енгізу және Солтүстік Қазақстанның экожүйелерін сақтау (FOLUR) саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл бастама Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстандағы БҰҰДБ-мен серіктестікте іске асырылуда, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Келісім аясында БҰҰДБ жалпы сомасы 2 млн АҚШ долларына жуық гранттық қаржыландыру бөледі. Қаражат жергілікті және шетелдік мамандарды тарта отырып, пилоттық жобаларынды ғылыми сүйемелдеуге, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға оператор мен шаруалардың шығыстарын өтеуге жұмсалады.

БҰҰДБ-мен серіктестік бұршақ және көпжылдық шөптерді, соның ішінде жасымық пен жоңышқаны өсіру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін үш жыл мерзімге форвардтық қаржыландыруды көздейді. Өз кезегінде, фермерлер заманауи агротехнологияларды қолданады, ауыспалы егістерді сақтайды және егіс алқаптарын әртараптандырады.

«Мемлекеттік институттар мен халықаралық әріптестердің күш-жігерін біріктіре отырып, біз Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және фермерлерді экологиялық және қаржылық тұрақты егіншілік тәжірибесіне көшуде қолдауға тырысамыз», - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Жобаны іске асыру Солтүстік Қазақстанда өсіруге қолайлы дақылдарды және агроөнімдерді одан әрі өткізу үшін оңтайлы экспорттық нарықтарды айқындау үшін ғылыми және маркетингтік зерттеулер жүргізуді көздейді. Жобаға қатысатын әрбір шаруашылық халықаралық және қазақстандық ғалымдардың ұсынымдарымен сүйемелденеді.

«Қазақстан Орталық Азиядағы осы бағдарламаға қосылған алғашқы ел. Әлеуетті серіктестерді қарау барысында БҰҰДБ ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру мен сүйемелдеудің практикалық тәжірибесін ескерді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы агроөндірісті жүргізуде қажетті құзыреттерге ие болғандықтан, шешім ұлттық оператордың пайдасына қабылданды», - деді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.

Оның айтуынша, БҰҰДБ-мен бірлескен жұмыс егіс алқаптарын әртараптандыруға және Қазақстанда агробизнесті ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.